Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 маусым, 2020413

«Туча» кинотуындысының премьера күні белгілі болды

Қазақстандық режиссер Нияз Әбдіғапардың «Туча» атты жаңа туындысы тамыздың 27-сі күні елдің барлық кинотеатрларына жол тартады. Бұл туралы киногер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Картина сюжеті шынайы оқиғаға негізделген. Бас кейіпкер отбасынан айырылып, енді қылмыскерлерден кек қайтармақ болады. Режиссердің айтуынша, фильмде екі оқиға бір хикаяда көрініс табады. Кинолента экшн элементтері қосылған криминалдық драма жанрында түсірілген. Шытырман оқиғалы фильмдерді жақсы көретіндер үшін бұл таптырмас картина болмақ.

«Туча» картинасының түсірілім жұмыстары бір айға жуық уақыт жүргізіліп, Ел ордасы - Нұр-Сұлтанда және Бурабай шипажайында өтті. Фильмді таспалаған қоюшы-оператор – Ильяс Бекішев, сценарийін жазған – Асқар Малшыбеков.

Фильмдегі бас рөлді дебютант актер Арман Шекимов сомдайды. Одан бөлек, кинокартинада талай қазақстандық фильмдерде өнер көрсеткег актерлер Ержан Түсіпов, Мұрат Бисенбин, Ерден Телемісов, Әділ Есенболатов, Айнұр Ниязова, Эдуард Табишев және басқалары рөл орындайды.

«Туча» картинасының премьерасы елдегі төтенше жағдайға дейін қыркүйек айының 17-не жоспарланған еді. Енді, міне, күні ауыстырылып, сәтін салса, тамыздың 27-нде қазақстандық көрермен назарына ұсынылатын болады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Enterprise Production

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы