Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 наурыз, 2020164

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің үздіктері анықталды

Елордада «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды.

Ұлттық байқау 10 аталым бойынша жүргізілді. Онда режиссерлік жұмыс, деректі фильм, телевизиялық сериал, ток-шоу, ойын-сауық бағдарламасы, ақпараттық бағдарлама, тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жоба және аймақтық телеарналар сарапқа салынып, солардың үздіктері анықталды. Бәйге жеңімпаздары «Тұмар» мүсіншесімен бірге 1 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Осылайша, «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша «Колыбель тюркского мира» жобасымен Виталий Попов, ҚР «Мир» телеканалы, үздік деп танылса, «Gakku» телеарнасының «Bir toqsan» жобасы «Үздік телевизиялық сериал» атағына ие болды.

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жүлдегерлерді құттықтап, «Үздік деректі фильм» номинациясын ұтып алған жеңімпазға сыйлығын тарту етті. Бұл аталым бойынша «ATAMEKEN» телеарнасының «Соседи» фильмі үздік деп танылды.

Жеңімпаздарды іріктеген әділ-қазылар алқасының құрамында продюсер, тележүргізуші Ляйля Сұлтанқызы, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры Ляззат Олжабайқызы Жүнісова, «Forbes» журналының баспагері, Қазақстандық Медиа Альянстың төрағасы Арманжан Байтасов, тележүргіуші, журналист Александр Аксютиц, режиссер сценарист, продюсер Лев Мариупольский және басқалары бар. Бұлар жоғарыда аталған номинацияларға сәйкес мамандар. Айтпақшы, үздіктер әділ-қазылардың жасырын түрде дауыс беруі арқылы анықталған еді.

Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр

Автор:  Зарина Смағұлова

Фото:  tvtumar

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы