Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 шілде, 2020311

Ұлттық кино мәртебесіне ие болған бірер фильмдер жайында

Биылғы жылдың маусым айының басында 42 отандық картина Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген питчингте жеңіске жетіп, мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болғанын хабарлаған едік. Киноорталық солардың бірнешеуіне қысқаша тоқталған еді. Бір парасын назарларыңызға ұсынбақпыз.

Кинорталығының қолдаумен түсірілетін фильмдердің бірі - «Ақ боз үй». Картина режиссері Бегарыс Елубаев оны Қазақстанда болған ашаршылықтың 100 жылдығына арнап отыр. Фильм сценарийі қазақ жазушысы әрі кинодраматургы Смагұл Елубаевтың аттас романы желісі бойынша жазылған. Бұл өткен ғасырдың 30-шы жылдары роман авторының туған ауылы бастан өткерген шынайы оқиға. Фильмді «Asau Art Films» студиясы жүзеге асырады.

Сонау зұлмат жылдары адамдар малдарын тартып алған Ф.Голощекиннің озбырлығынан туған жерлері – Батыс Қазақстаннан оңтүстікке көшуге мәжбүр болды. Түркменстанның топырағында ауыл тұрғындары қиын жағдайға кенеледі. Сондықтан ру басы Пахраддин би адамдарды құтқару мақсатымен қарақалпақтардың қаласы Кунградқа оралуды шешеді. Алайда қайғы-қасіреттен аман қалу мүмкін болмайды.

Мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған кезекті туынды - «Еркетай» атты анимациялық жобасы. Режиссер-мультипликаторшы Оразхан Жақып бұл туындыда қазақстандық балалар үшін жаңа кейіпкерді таныстыратын болады. Балаларға арналған туынды 10 жастағы балдырған бала мен оның досы Жәнібектің шытырман оқиғасын баяндайды. Еркетай – бұл атасының қарауында ауылда тұрып жатқан тентек бала. Кезекті қылығынан соң жаза ретінде оны жоғалып кеткен қоды іздеуге жұмсайды. Орманда аласып кеткен Еркетай мұнда бұрынғы қарсыласы Жәнібекті кездестіреді. Бірақ қасқырлардың шабуылынан құтқарылмақ болған балалар ақыры дос болады. Сөйтіп жүріп екеуі көктен түскен кометаға ұқсас сиқырлы семсер тауып алады. Сөйтсе семсер көкте Қыс рухтарымен күресіп, жеңіліс тапқан Аспан батырына тиесілі. Міне, осы жерде сиқырлы семсер үшін қуғын басталады. Ақыры ол Аспан рухы мен Жер рухтарының шайқасына алып келеді. Алайда соңында семсердің күші оның сиқырында емес, кішкентай Еркетайдың қолында екендігі анықталады. Достар кішкентай көрермендерді достықтың не екендігін көрсетіп, жақсылықтың қашанда жамандықты жеңетінін үйретеді. Қазір «Art Maral» компаниясы жобаны жүзеге асыруға әзірлік үстінде.

Киножобалардың екінші питчингінде анимация жанрында ұсынылған барлық дерлік өтініштерді сараптамалық кеңес мүшелері «болашағы зор» жобалар деп атаған екен. Айта кетейік, питчинг аясында бес анимациялық жоба таңдалып алынды. Олардың бірі «Қазақфильм» киностудиясының өнімі болса, қалған төртеуі жеке компаниялардың жобалары.

Ұлттық кино мәртебесіне ие болған ендігі туындыны «Лето 41-го» деп аталады. Фильм желісіне кеңестік партизандар «Сашке-казах» деп атап кеткен, оның басын әкелген жанға неміс билігі қомақты сыйақы тағайындаған батыр майдангер Әди Шәріповтың оқиғасы негіз болды.

«Лето 41-го» - бұл белорус орманында отрядымен соғысып, диверсиялық операцияларды сәтті жүзеге асырып, немістердің үрейін тудырған Шәріповтың майдандық өмірбаяны. Тәжірибелі сценарист Бекболат Шекеров үшін бұл картина оның толықметражда режиссер ретінде алғашқы жұмысы болмақ.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы