Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 тамыз, 2020496

Ұлы Абай күні

Ұлт данасы, қазақ даласында мәңгі есте қалар кеменгер, білім мен даналыққа жаны құштар ұлы Абай Құнанбайұлының бүгін мерейтойы. Биыл Абай атамызға 175 жыл толды.

Абай Құнанбайұлы – ақын, қазақ тілінің қалыптасуына орасан зор еңбек еткен ағартушы, ұлы философ, саяси қайраткер, мәдениет танушы. Ол 1845 жылдың 10 тамызында қазақ даласының киелі Семей жерінде дүниеге келген. Шын есімі- Ибраһим. Құнанбай Өскенбайұлы мен Ұлжанның отбасында өмірге келген Абай. Бала күнінен зерек, оқу-білімге ерекше құштар болып өскен. Небәрі он жасында әкесі оны Ахмет Риза медресесінде тәлім алып, өзіне керек азық алсын деп береді. Сол кезден бастап бала Абай шығармашылыққа көңіл бөледі. Қолына қалам алып, қағаз бетін шимайлап, көркем шығармалар мен қара өлеңдерді жаса бастайды. Оның алғашқы шығармалары ретінде: “Кім екен деп келіп ем түйе қуған”, Физули, Шәмси”, “Шәріпке”, “Кең жайлау” сынды өлеңдерін айтуға болады.  Он үш жасынан бастап әкесі Құнанбайдың қасында еріп жүріп, халық мәселелерін, саяси сауалдарды шешіп, ел ісіне ерте жастан араласа бастайды. Болыстыққа сайланып, ел ішінде ағартушылықпен кеңінен айналысады. Саяси сауалдардан бөлек ақын өзінің ақын екенін ұмытпаған еді. Оны ақын ретінде танытқан үздік шығармаларының бастауы 1882 жылы жарыққа шыққан “Қансонарда” еңбегінен басталған еді. Абай Құнанбайұлы тек қырық жастан асқанда ғана шығармашылық пен әдебиетке бар ықыласымен айналысты. Оны шығармаларының бағыты үш жолда өрбитін еді: алғашқы бағыты – ақынның ішкі жан дүниесінен шыққан өлең жолдары болса, кейінгісі- Абай атамыздың қара сөздері, оны елде “ғақлия” деп атайды. Соңғы үшінші бағыт болса – шет тілдерінен аударылған өлеңдер мен шығармалар. 

Қазірде Абай әдебиеті, шығармалары мен еңбектері ғасырлық мұра, ұлтымызға қалдырылған мәңгі естелік деп айтуға болады. Бүгінде мемлекеттік білім беретін жүйеде “Абайтану” бағдарламасы енгізілген. Бұл қазақ ұрпағының санасына бала күннен бастап дана Абайдың үлгісін сіңдіріп, өнегесін бойына сіңдірту деген мақсат екені аян. Сондай-ақ, көгілдір шәжікте алғаш рет негізі қаланған  “Ақыл ойдың айнасы” деген ұранмен “Abay TV” жобасы жүзеге асқан болатын. Кемеңгер Абай бабамыздың өмірі мен өнеріне арналған қазақ киноматографиясында да  қызықты сюжеттік отандық фильмдер жетерлік. Бүгінгі мерейтойға байланысты сол еңбектердің бірқатарымен сіздерді таныстырып өтуді жөн көрген еді.  

Дана Абай туралы түсірілген алғашқы кино жобалардың бірі болған “Абай” деректі фильмі. Кинофильм 1995 жылы режиссер Ардақ Әмірқұловтың нұсқауымен түсірілген. Сценарий авторлары ретінде: Лейла Ахинжанова, Александр Баранов және Серік Апрымовтар еңбек еткен. Басты рөлдерді: Фарида Жантелова, Ғабиден Тұрықбаев, Өмірзақ Шманов, Райхан Айтқожанова, Дінмұхаммед Ахимов, Гүлзия Белбаева сынды дарынды актер мен актрисалар сомдаған. 

Фильм сценариінің желесі бойынша, қазақ ағартушысы Абайдың  өмірінде орын алған қайғылы тарихи оөиға баяндалады. Ақын XIX ғасырда шығармашылық қызметпен айналысқан болатын. Сондай-ақ, саяси мәселелер де Абайдың назарынан тыс қалмаған еді. Ол Қазақстанның жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Үлкен реформалар бастамаларының негізін салумен айналысқан Абайға бұл іс өз кезегінде ұлылық пен бақытсыздықты қатар әкелді. 

"Абай" драмасы Ибраһим Құнанбаевтың өмірбаянына негізделген. Абайды шын атымен тек әжесі атайтын болған. Кейіннен бұл лақап ат қоғам қайраткеріне берілді. Қазақ тілінде бұл сөз "сақ" немесе "мұқият" деген мағынаны береді.  Жергілікті интеллигенция Абайды Қазақстанды жаңа деңгейге шығаратын нағыз рухани көшбасшы деп санады. Лингвисттің және оның серпінді инновацияларының жұмысынсыз жергілікті әдебиет көптеген жылдар бойы тоқырау жағдайында болуы мүмкін еді. Құнанбаев тұлғасының маңыздылығы мыңдаған жақтаушылар мен еліктеушілердің пайда болуына себепкер бола алды, бірақ кей жандарда Абайдың мансабы мен абыройына деген қызғаныштық сезім өшпенділік қатар жүрді.  Ол халық үшін әлі де көп нәрсе істей алар еді, бірақ оның өмір жолы кенеттен үзілді.

Драмадағы басты рөлді Ғабиден Тұрықбаев сомдады, ол үшін бұл образ қалың көрерменге кеңінен танымал болуына әсер етті. Хикая Франциямен бірігіп түсірілген. Көрермендердің пікірлері бойынша, Абайды образы керемет бейнеленіп, суреттелген. Бұл фильм әсіресе қазақстандықтар қатарында аса жоғары бағаланады, өйткені ол тек көшбасшы ғана емес, сондай-ақ, елдің мақтанышы әрі халық ағартуышысы бола білді.

kaz.tengrinews.kz

 Абай Құнанбайұлына арнап түсірілген кинофильмдердің қатарында “Құнанбай” көркем фильмі де бар. Бұл ел данасы туралы түсірілген жаңа картиналардың бірі. Досхан Жолжақсыновтың режиссерлігімен таспаланған бұл туындының сценариін авторлар Таласбек Әсемқұлов пен Досхан Жолжақсыновтың өзі жазған болатын. Рөлдерді Айдос Бектеміров, Майра Омар және фильм режиссері, сценарий авторы актер Досхан Жолжақсынов та сомдаған. Сюжет негізі Ұлы Абайдың әкесі Құнанбайдың өмір жолынан бастау алады. Құнанбай Өскенбаев біраз қиын жылдарды басынан өткеріп, бұл оны қаһары қатты қатал билеуші болуға мәжбүр етеді. Дәл сол кезде ол туыстар арасында орын алған көптеген түсініспеушіліктер мен проблемалардың шешімін іздеп жүргенде, Өскенбаевтың қызметі көпшілік халықтың наразылығын тудырды. Көрермен бұл картинада Құнанбайдың қарама-қайшы әрекеттері туралы және өз уақытында онымен татуласқысы келмеген кей шонжарлар мен ел билігіндегі тұлғалармен танысатын болады.

Құнанбай - 2015 жылы жарыққа шыққан қазақ өндірісінің драмалық фильмі. Кинофильмді түсіру үшін шамамен 4 миллион доллар қаражат қажет болды, бұл отандық кинематография үшін өте үлкен сома болып саналады. Құнанбайдың рөліне белгілі қазақ актері Досхан Жолжақсынов шақырылды, ол да режиссерлік орынға ие болып, таспаға сценарий жазды. Алайда, сюжетті құруға Досхан Біржан сал фильмін түсіру кезінде жұмыс істеген Таласбек Әсемқұлов та қатысты. Кинокартина Абайдың өз отаны — Қазақстанда, сондай-ақ Ресей мемлекетінде аса танымалдылыққа ие болды. Ресей елінде кинокартинаның алғашқы көрсетілімі өтті. Оны көптеген отандық кино сыншылары атап өткен болатын. Премьерадан бір жыл өткен соң фильм Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды. Режиссерлік жұмыс пен актерлік ойын ең жоғары дәрежеде атап өтілді. 2016 жылы қыркүйек айында Липецк атты қалада ұйымдастырылған он екінші Қазан әлемдік мұсылман кино байқауында көрермен назарына ұсынылған болатын. Сонымен қатар, “Құнанба” кинофильмі “Күміс Ақбозат” үшінші ұлттық әрі этникалық фестивалінде де көрсетілген еді. 

  Бүгінгі күні Абай атамыздың өмірі мен өнер жолына арнап жасалынған дүниелер мұнымен бітпек емес. Бүгінде терең мән мен мағынаға толы ерекше еңбек саналған «Абай. Өмірі мен творчествосы» атты деректі фильмі де Абай туралы естеліктерді ұмыттырмақ емес. 

  Осы кезеңді пайдалана отырып, ұлы Абай Құнанбайұлы туралы бірнеше дерекпен бөлісе кетелік: 

 - Абай Құнанбаев бүкіл өмірін Ресей империясының азаматы ретінде өткізді;

 - Тарихшылардың көпшілігі қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаев деген пікірмен келіседі;

 - Ақынның анасы әкесінің төрт әйелінің бірі болған;

 - Абай Құнанбаев кейде өз өлеңдеріне музыка жазып, оларды  әнге айналдырады;

 - Абай өмірінің көп бөлігінде әйелдер құқығы үшін күресіп, оны заң деңгейінде де, әдеби — өлеңде де жырлады;

 - Ақын және ағартушы қазақ тілінде жазылған алғашқы құқықтық құжаттардың бірін жасаған қоғам қайраткерлері тобына кіреді;

 - Абай Құнанбаев көптеген саяси жер аударылғандармен достық қарым-қатынаста екенін жасырмайды. Осыған байланысты оның өзінде кейде билікке қатысты проблемалар жиі орын алып тұрған;

 - Құнанбаев өзінің алғашқы салмақты әрі өткір мағыналы шығармаларын 40 жасында жазған;

 - Ол Пушкин, Лермонтов және Крыловтың шығармаларын  қазақ тіліне аударған;

 - Мәскеуден басқа, Абай ескерткіштері Стамбул мен Тегеранда, сондай-ақ, Қазақстанның кейбір қалаларында орнатылған;

 - Абай ақын адамның ең жаман қасеттерінің  бірі ретінде ешетеңеге ұмтылыстың жоқтығы деп атайды;

 - Өмір бойы Абай Құнанбаев 170 өлең жазды, тағы 56 өлеңді аударып, сондай-ақ бірнеше поэманы жарыққа шығарды;

 - Абай Құнанбаев көзі тірісінде бірнеше мың түйе мен қойдың иесі болған. Тіпті бұл сол кезде ең бай жандардың ішіндегі ауқаттылардың қатарында болған деген сөз;

 - Лондонда Абай Құнанбаевтың мұражайы бар;

 - Ұлы қазақ ағартушысының құрметіне тек Қазақстанның ғана емес, басқа елдердің — Үндістан, Украина, Германия, Египет, Өзбекстан қалаларындағы көшелер аталған;

 - Абай Құнанбаев шығармаларының басым бөлігін оның оқушысы Ролан Сейсембаев орыс тіліне аударған;

 - Қазақстанда Абай деп аталатын қала бар. Ол Қарағанды облысында орналасқан. Сондай-ақ, Түркістан облысында көпке танымал Абай ауданы бар; 

 - Абай Құнанбаевтың портреті өткен ғасырдың 90-жылдарының басында шығарылған 20 теңгелік банкнотта бейнеленген; 

 - Абай ұзақ жылдар бойы судья және заң шығарушы міндетін атқарды. Ол 1886 жылы үш рет, 1875-1877 және 1893-1896 жылдары болыс болды. Осы уақыт аралығында ол көптеген жылдар бойы би қызметін атқарды;

 - Абайдың бірінші әйелі Ділдә атақты Қазыбек бидің шөбересі болған;

 - Ақынның өлеңдері мен поэмаларында ескі араб-парсы сөздері көп , олардың мағынасын қазақ тілінде ұғыну ауыр болған. Сондай-ақ, ақын терминдермен жазғандықтан түсіну  қиындық тудырған; 

 - Жыл сайын 1993 жылдан бастап дәстүрлі түрде "Абай оқулары" ұйымдастырылады;

Абайдың өлеңдерінде ақынның өз халқын білімді және дамыған ұлт ретінде көру арманы айқын көрсетілген. Бұл оның мәңгі арманы мен мақсаты болып қалған еді. Сондықтан, біз – бүгінгі ұрпақ ұлы Абай атамыздың арманын орындауға барынша күш салуға міндеттіміз. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы