Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 тамыз, 2020329

Ұлы Отан соғысы туралы тағы бір сериал жарыққа шығады

Адамзат тарихында қанды майдан  ретінде есте қалған Ұлы Отан соғысы туралы бүгінде көптеген картиналар түсірілуде. Жақында кино сүйер қауым отандық жаңа телехикаяны тамашалайтын болады. Бұл тарихы тереңде жатқан Алматы шаһарының сол бір қиын-қыстау замандағы ауыр жағдайлар мен хикаяларды баяндайтын картина болмақ.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі еліміздің басты шаһарларының бірі болған Алматы қаласы КСРО заманында түкпір-түкпірден қоныс аударған көп жұртшылық пен халық үшін пана бола алды, атап айтар болсақ, дәл осы мекенге мәдени ошақ  келіп тұрақтанды. Көптеген театр, өнер және кинематография элиталары мен зиялы қауымы осында қоныс аударған еді. Сол замандағы кеңес интеллигенцияның өткерген өмір хикаялары мен оқиғалары жайында сыр шертетін телесериал «Алматы жүрегімде» деген атаумен көрермен назарына ұсынылмақ. Отандық телехикаяның сценарий желісі бойынша, танымал театр актрисасының кешкен өмірбаяны мен ұшқыр сезімге толы махаббат хикаясы баяндалады. Картинада соғыс кезіндегі солдаттар мен комиссариттардың, әскери дәрігерлер мен медбикелердің, өнер адамдары мен мәдениет қызметкерлерінің жүріп өткен жолдары ашық көрсетілген. 

@Gulmira_Dairabaeva

Ұлы Отан соғысы заманындағы Алматы қаласының жағдайын сахналайтын отандық телехикаяның басты рөлдерінде елге танымал тележүргізуші, актриса Гүлмира Дайрабаева, жас әнші әрі актриса Роза Мұқатаева және белгілі актер Тимур Мақажан, сонымен қатар, Гульназид Омаровалар бой көрсететін болады.

Айта кетейік, жаңа отандық телесериал “Almaty.tv” телеарнасында көрсетілетін болады. 

 


 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @Gulmira_Dairabaeva

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы