Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 сәуір, 2020672

«Ұмай» фильмі британдық кинофестивальдің үздіктері қатарынан көрінді

Қазақстандық қысқаметрлі «Ұмай» («Мальчик у окна») фильмі Халықаралық әуесқойлар кинофестивалінде бірден екі сыйлыққа ие болды.

British International Amateur Film Festival-де режиссер Іңкәр Әбдраштың жаңа туындысы «Үздік фильм» және «Үздік сценарий» аталымдарын жеңіп алды. Картина сонымен қатар, фестиваль аясында дәстүрлі түрде үздік фильмдерге берілетін Daily Mail баспасының арнайы сыйлығынан да үмітті, деп хабарлайды «Kaztube» бейне-порталы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 

Отандық туынды ерке актриса мен оның өмірін түбегейлі өзгертетін балалар үйінің тәрбиеленушісі жайынан сыр шертеді.

 

Фильмдегі бас рөлдерді актриса Гүлнар Сильбаева мен жас актер Алмаз Ақылбайлар сомдайды. Ал, картинаға продюсерлік еткендер – Фархат Абдраимов пен Гүлшат Смағұловалар болды. Отандық туынды «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

 

Айта кетейік, британдық кинофестиваль биылғы жылдың мамыр айында өткізіледі деп жоспарланған болатын. Алайда, әлемге тарап кеткен коронавирус пандемиясына байланысты байқау қазан айына шегерілді. Қалай болғанда да ұйымдастырушылар «Ұмай» фильмінің түсірілім тобына құттықтауларын жолдап, бас кейіпкерлердің, монтажерлердің, операторлар мен дыбыстық сүйемелдеуге жауаптылардың еңбегін жоғары бағалаған әділ қазылардың пікірлерін жеткізді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы