Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 шілде, 2020484

«Ұмай» картинасы Словакияда жүлдегер атанды

Отандық қысқаметражды «Ұмай» («Мальчик у окна») фильмі Словакиядағы кинофестивальде жүлделі болды. Режиссер Іңкәр Әбдіраштың картинасы Kosece International Monthly Film Festival Халықаралық ай сайынғы фестивальде 2020 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша «Үздік режиссер-дебютант» атанды.

Режиссердің дебюттық картинасы ерке актрисаның өмірін біржола өзгертетін балалар үйі тәрбиеленушісі жайында баяндайды. Кинолентаның бас рөлдерін актриса Гүлнар Сильбаева мен жас актер Алмаз Ақылбай сомдайды. Фильмге продюсерлік еткендер Фархат Абдраимов пен Гүлшат Смағұловалар болды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірген фильм осыған дейін British International Amateur Film Festival (BIAFF) Халықаралық әуесқойлар фильмдерінің кинофестивалінде «Үздік фильм» және «Үздік сценарий» номинациялары бойынша жеңімпаз атанған. Бұдан бөлек, картина Үндістанда өткен Dadasaheb Phalke Film Festival (DPIFF) 10-шы Халықаралық кинофестивалінде үздік қысқаметражды фильмі атанды.

Словакияда ай сайын өтетін Kosece International Monthly Film Festival фестивалі бүкіл әлемнен талантты режиссерлерді қолдап, алға жетелеуді мақсат еткен. Кинокөрсетілімнің қазылар алқасының құрамына осы елдің жас кинематографистері кіреді. Ай сайын олар жеңімпаздарды анықтайды. Лауреаттар өз кезегінде жыл қорытындысы бойынша фестивальдің бас жүлделері үшін өз категорияларында бақ сынай алады. Ал жыл үздіктерін марапаттау рәсімі келер жылдың мамыр айының 26-28 күндеріне жоспарланып отыр.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы