Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 ақпан, 2021436

Үндістандық актриса қазақ фильмінде бой көрсетеді

Қазақстандық фильмде Үндістан жұлдызы, танымал актриса Авика Гор бой көрсететін болады.

Белгілі кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев өз фильмін шет елдерде түсіруін жалғастырып келе жатқанымен қоймай, шетелдік танымал актер мен актрисаларды өз кинофильмдеріне түсіруге мүмкіндік алуда. Қазір продюсер өзінің түсірілім тобымен бірге «I go to school» скин-оффын Түркия елінің Алания курорттық жерінде түсіріп жатыр. Сондай-ақ, Қоянбаевтың жаңа фильмінде танымал үнді актрисасы Авика Гор да басты рөлдердің бірін сомдайтын болмақ.

@KoyanbayevNurlan

Авика Гор көпке «Balika Vadhu» (Келін) көп сериялы үнді телехикаясында «Ананди» рөлінде танымал болған. Сериал түсірілімдері 2008 жылы басталып 2010 жылға дейін жалғасқан. Қазіргі таңда актриса көптеген телевизиялық шоулар мен біршама телесериалдарда бой көрсетіп жүр. Олардың қатарында «Мектеп», «Таңғы серуен» және «Meri Awaz Ko Mil Gayi Roshini» сынды картиналар да бар.

Продюсер Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, шетелде фильм түсіру оңай болып көрінгенмен, оның көрермен көріп, біле бермейтін тұстары мен қаншама қиындықтары тағы да бар. Қоянбаев осыған дейін жарыққа шығарып келген кинофильмдері Тайланд, Америка Құрама Штаты, Оңтүстік Корея, Араб әмірлігі, Африка, Түркия жерінде түсірілген. Ол жобаларды көрермен назарына ұсыну үшін сағаттық емес, күндер мен айларға созылған келісім-шарттар мен қаржы табудың жолдары жатқанын айтады. Сонымен қоса, фильмдеріне шетелдік жұлдыздар мен актрисаларды шақырудағы басты мақсаты қазақ киносы мен мәдениетінің дамуы екендігін түсіндіреді.

Нұрлан Қоянбаев – кинопродюсер, актер, сценарист және тележүргізуші:

«Туындыларыма шетелдік танымал тұлғаларды шақыруда да мақсат - қазақ киносында Олар да бой көрсетіп, олар да біздің мәдениетпен танысса деген тілек»,-дейді Н.Қоянбаев.

Қазақстандық кино мамандарынан ұсыныс алған Авика Гор бірден келісіп, Алания жеріндегі түсірілім алаңына бірден жеткен көрінеді. Сондай-ақ, отандастарымызға құрмет білдіру мақсатында қазақша сәлемдеме жолдаған. Түсірілім тобына арнайы қазақ тіліндегі сәлемдемесін Авика өзінің инстаграм жеке парақшасына жүктеген.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы