Размер шрифта:

Цветовая схема:

13 шілде, 2020165

V BAIQONYR International short film festival-ді өткізу мерзімі шегерілді

Алғашында фестиваль биылғы жылы қыркүйек айының 2-сі мен 6-сы аралығында өтеді деп жоспарланған еді. Енді шараның өту мерзімі қыркүйектің 9-13 аралығына шегерілді.

Биылғы жылы V BAIQONYR International short film festival бес бағдарламадан тұратын болады. Атап айтқанда негізгі байқау (халықаралық қысқаметражды көркем фильм); ұлттық байқау (көркем, деректі, анимациялық қысқаметражды фильм); түркі халықтарының музыкалық бейнероликтерінің арнайы байқауы (клипмейкерлер үшін); сценарий питчингтері; шеберлік кластар, воркшоптар мен «дөңгелек үстелдер». Кинофестивальдің жүлде қоры 27000 АҚШ долларын құрайды.

Енді әр байқауға кімдер қатыса алатыны жайында барлығы рет-ретімен.

Негізгі байқауға қатысуға түркі халықтарының режиссерлері немесе/және продюсерлері 2019-2020 жылдары түсірген қысқаметражды көркем фильмдер шақырылады. Бұл ұзақтығы 30 минутқа дейінгі техникалық тұрғыдан кинотеатрларда көрсетілуге жарамды туындылар болуы тиіс.

Ұлттық байқауға 2019-2020 жылдары қазақстандық режиссерлер немесе/және қазақстандық продюсерлер түсірген қысқаметражды көркем, деректі, анимациялық фильмдері қатыса алады. Олардың да ұзақтығы 30 минутқа дейінгі техникалық тұрғыдан кинотеатрларда көрсетілуге жарамды туындылар болғаны абзал.

Түркі халықтарының музыкалық бейнероликтерінің арнайы байқауына аталған халықтардың режиссерлері немесе/және продюсерлері 2019-2020 жылдары түсірген музыкалық бейнероликтері қабылданады. Бұл бейнематериалдар да техникалық тұрғыдан кинотеатрларда көрсетілуге жарамды болуы керек.

Ал, сценарийлер пинчингіне қатысуға 35 жасқа дейінгі Қазақстан кинематографистері өтініштерін бере алады. Сценарий қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Бір сценарийші немесе сценарийшілер тобынан өтінішті бір рет қана беруге рұқсат етіледі. Ұзақтығы 30 минутқа дейінгі қысқаметражды көркем фильмдер сценарийі «Көркем қысқаметражды кино» категориясында қаралады.

Егер фильм фестивальде таңдалып алынатын болса, оны ағылшын тіліндегі субтитрлармен ұсыну қажет. V BAIQONYR International short film festival-ге өтініштер кинофестивальдің ресми сайтында қабылданады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  baiqonyr.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы