Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 қыркүйек, 2020193

V BAIQONYR International short film festival қазан айында өтеді

V BAIQONYR International short film festival 7-11 қазан аралығында өтеді деп күтілуде. 

Елімізде әлі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбағандықтан, кино байқаудың өтетін күні тағы бір мәрте кері шегертілді. Ұйымдастырушылар кинофестивальді  шынайы көреремендермен, кино өнерінің майталмандарымен бірге өткізуді жоспарлап отыр. Керемет көңіл-күй мен ерекше сезімге бөленетін байқау болғандықтан кинофестиваль офлайн режимінде өтуі тиімді екенін жеткізді ұйымдастырушылар. 

Сонымен қоса, бұл  барлық жаңалық емес. Ұлттық конкурсқа және сценарийлердің питчингіне қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды.  Одан бөлек, музыкалық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні  де өзгертілген болатын. Бұл санат үшін шектік мерзім 14 қыркүйек деп бекітілген.

V Baiqonyr ISFF-ке қатысуға өтінімдерді кинофестивальдің ресми сайтында да беруге болады. Өтінімді толтырмас  бұрын кинофестиваль регламентінің барлық шарттарының сақталуын тексеріп өткеніңіз абзал:

- Ұлттық конкурсқа қатысуға 2019-2020 жылдары қазақстандық режиссерлер немесе отандық продюсерлер түсірген қысқа метражды ойын, деректі, анимациялық фильмдер қатыса алады, кинотеатрда ұзақтығы 30 минутқа дейінгі фильмдерді көрсету үшін техникалық жағынан барлық шарттар ескерілуі керек;

- Түркі халықтарының музыкалық арнайы байқауына қатысуға 2019-2020 жылдары түркі халықтарының режиссерлері және продюсерлері түсірген, кинотеатрда көрсетуге техникалық жағынан сәйкес келетін музыкалық ленталар өтінім бере алады. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы