Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 2020348

Вайнерден киноактерге дейін

Алдымен «вайнер» сөзінің мағынасына тоқталсақ. Вайнерлер - бұл кез-келген оқиғаға байланысты өз өмірлерінде болған түрлі жағдайларды қызықты етіп қысқаша бейнероликтер түсіріп, желіге жүктейтін адамдар. Бұл термин  Twitter-ге тиесілі  Vine-мен сөзімен байланысты. Ал, вайндерге түсіріп, кейін актер болып кеткен отандық вайнерлерден кімдерді білесіз? Біз таныстырайық.

Жеңіс Омаров – Жека Фатбелли

Жеңіс Омаров қалың көпшілікке азан шақырып қойған атымен емес, Жека Фатбелли лақап атымен кеңінен таныс. Бірнеше жыл ішінде қарапайым қазақ баласы танымал Инстаграм жұлдызына айналып үлгерді. Қазір оның екі миллионнан аса фоловерлері бар. Харизмасы мен талантының арқасында Жека Фатбелли кино саласында да төбе көрсетті. Оның кинода өнер көрсеткен тырнақалды туындысы – 2016 жылы жарық көрген режиссер Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі. Мұнда Инстаграм жұлдызына басты болсамаса да, қосалқы рөлдің бірі бұйырған. Жеңістің рөл сомдаған тағы бір картинасы – режиссер Асқар Бисембиннің 2017 жылы Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз.кз» фильмі. Бұл картинада инстажұлдыз Элвис есімді көңілді жігіттің рөлін сомдады.

Нұрлан Батыров

Вайндардан кино әлеміне ақырындап өткен ендігі инстажұлдыз - Нұрлан Батыров немесе барлығына бенероликтері арқылы танымал болған «Ессіз әйел» («Безумная женщина»). Өнер иесі өткен жылы кейіпкері негізінде «Дневник безумной женщины» комедиясын көрермен назарына ұсынды. Фильмнің сценарисі, продюсері әрі басты рөлді сомдаушы актері – Нұрланның өзі. Онымен бірге фильмде вайнер Жека Фатбелли мен Инстаграм жұлдызы Айжан Байзақова да өнер көрсетеді.  Нұрлан Батыров сонымен қатар, 2016 жылы жарық көрген «Super ТОЙ» атты романтикалық комедияда басты рөлдердің бірін сомдады. Инстажұлдыздың парақшасында бір миллионнан аса жазылушы бар.

Темирхан Асылбек - Territima

Темірхан Асылбек десе, ешкім тани қоймас. Ал, Territima дегенде екі жарым миллионға жуық фоловерлері қол көтерер. Белгілі вайнер дәл осы лақап атымен Инстаграм желісінде танымал болды. Түрлі тақырыптарға вайн түсірген ол, «Все из-за мужик-off» фильмінде төбе көрсетті. Қосалқы рөлде емес, басты рөлдің бірін сомдады. Картина 2017 жылы жарық көрді. Әзірге инстажұлдыз басқа фильмдерде көрінген емес, алайда режиссер Нияз Абдіғаппар өзінің Казтюб арнасына берген сұхбатында мәлім еткендей, көрермен Тerritimaны жаңа жылдың алдында шығатын «За три дня до нового года» картинасында көретін болады.  

Аминка Витаминка

Қызықты видеолар арқылы танымал болған жандардың бірі – Аминка Витаминка. Кішкентай жұлдыз Инстаграм желісінде ғана емес, YouTube-та да кеңінен танымал. Алғашқысында оның бір жарым миллионға жуық жазылушысы бар. Интернет желісіне Аминка алғаш рет 2015 жылы шықты. Содан бері көрерменнің көңілін жаулап алды. Вайндары арқылы ғана емес, кинода да үздік ойын көрсетті. Оның алғаш өнер көрсеткен фильмі Әсел Садуақасованың «Келинка тоже человек» киносы. Бұдан кейін фильмнің екінші бөлімінде де Инстаграм жұлдызы бой көрсетті. Аминка Витаминка бұдан бөлек бірнеше отандық сериалдарда рөлдер сомдады.

Дана Есеева

Бұл Инстаграм жұлдызы жұбайы Мейіржан Төребаевпен бірге отбасылық «Семейные страсти» вайндер топтамасын шығарып, танымал болды. Инстаграмдағы бірнеше сериялы вайндер ақыры үлкен экранға фильм болып шықты. Кинокартинада басты рөлдерді Дана мен Мейіржаның өзі ойнайды. Айта кету керек, Мейіржан да белгілі вайнер, алайда көрерменге ол алдымен «Патруль» серилы арқылы танылды. Кино әлемі Дананы да баурап алған көрінеді, инстажұлдыз құрбыларымен бірге жұмыс атауы «Три подруги» атты кезекті фильмге түсті. Түсірілім жұмыстары таяуда ғана аяқталды. Сәтін салса, көрермен Дананың өнерін жаңа жыл қарсаңында шығатын жаңа картинада тамашалайтын болады. 

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  inform.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы