Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 мамыр, 2020436

«Я – пышка!» романтикалық комедиясы экранға қайта оралады

Продюсер Баян Алагөзованың жаңа туындысы үлкен экрандарда небары екі аптадай уақыт қана көрсетілген еді. Кинотеатрлар уақытша жабылғандықтан, фильмнің де көрсетілуі тоқтаған болатын. Ақпан айының соңында қазақстандық көрермендерге жол тартқан «Я – пышка!» картинасы енді міне, кинотеатрлар ашылғанда кезде отандық прокатқа қайта оралады. Бұл туралы Меломан кинотеатрлар желісі хабарлады. 

Қазақстандық романтикалық комедия артық салмақтан арыла алмай жүрген бойжеткен қыз туралы баяндайды. Бас кейіпкер сән әлемін бағындырғысы келеді, алайда асқа деген тәбеті оған бұл арманына қол жеткізбей жүреді. Сүйкімді дене пішіні үшін жұмыстағы әріптестері оны Томпақ (Пышка) деп атап кетеді. 

Бас кейіпкер сән үйінің бас сәнгерінің көмекшісі болып қызмет атқарады. Осында жүріп, сән үйінің иесі – Макс есімді сымбатты жігітке ғашық болады. Сән әлеміне енген ол енді толық әйелдерге арналған өзінің жеке киімдер желісінің топтамасын шығарғысы келеді. Алайда, бұл тілегін орындауға оған ашушаң бастығы кедергі болады әрі оның идеяларын өзінің топтамасына ұрлап отырады.  Сөйтіп күндердің күнінде томпақ қызға әжесінен мұра ретінде ерекше сыйлық қалады. Оның көмегімен бойжеткен сымбатты Аруназ есімді қызға айналады. 

Айта кетейік, бас кейіпкердің рөлін актриса Назерке Назарова орындайды. Бұл – оның дебюттік рөлі. Осыған дейін актриса ешбір кинода өнер көрсетпеген болатын. Ал, томпақтың сымбатты кейпін керісінше, тәжірибелі актриса Жәния Джуринская сомдайды. 

Бас кейіпкерлермен бірге фильмде актерлер Тәуекел Мүсілім, Қарлығаш Мұхамеджанова, Ғазірет Ержанов, Қайрат Әділгерей, Нұрлан Әлімходжаевтер ойнайды.

Картинаның нақты қай күні экранға оралатыны белгісіз, алайда кинотеатрлар ашылған соң, алғашқылардың бірі болып көрермен назарына ұсынылатын болады. 
 

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы