Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 шілде, 2020357

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап жаңа телехикая түсірілмек

«Мен Қазақстан мен қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін». Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай түсірілетін телетуынды дәл осылай аталатын болады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, шынайы оқиғаға негізделетін телетуынды «Хабар» Агенттігі мен Бақыт Қилыбаевтың сценарлық шеберханасы бірлесе отырып түсірмек. Жоба жанымызда жүрген жандардың арасынан нағыз батылдар мен батырларды үлгі ететін болады дейді ұйымдастырушылар. Осыған орай, «Хабар» агенттігі Сізді таңқалдырып, шабыт беретін, іс-әрекеті мен өмір сүру қағидалары жаныңызға жақын келіп, көңіліңізден шығатын, бүгінгі күні арамызда жүрген таныстарыңыз бен жақындарыңыз жайлы айтуға мүмкіндік беретін байқаудың басталғанын хабарлайды.

Байқау шарты бойынша «Кіндік Отаным мен жерлестерімді не үшін жақсы көремін» тақырыбындағы үздік оқиға жазу керек. Сонымен қатар тек Отан туралы немесе Сізге ой салып, шабыт беретін, Сізге әсер етіп, қуантатын адам туралы айтып берсеңіз болғаны. Басты шарт – оқиға шынайы, ал оның қаһарманы көзі тірі қазақстандық болуы тиіс.

Айта кетейік, байқауға Қазақстанның қай түпкірінде болмасын тұрып жатқан қазақстандықтар қатыса алады. Үздік оқиғалар көркем хикаяға арқау болып, авторлары сый-сияпат ие болады.

бейнеролик кадрынан алынған

Оқиға іріктеліп алынған соң, екінші байқау басталады. Ол бір новелла/бөлімді түсіру құқығына ие болатын жергілікті шығармашыл-өндірістік топтар мен продакшн-студиялар арасында өтеді. Жеңіп шыққан әр студияға өндіріске қажетті бюджет бөлінеді.

Оқиғаны мәтін түрінде жіберу керек. Жағымды да әсерлі әңгімелердің арасынан сараптамашы топ 50 үздік оқиғаны іріктеп алып, сол бойынша 50 сценарий жазады. Оның негізінде 50 новелла/бөлім түсірілетін болады. ҚР әр аймағынан, өз қаласында бір новелла/бөлімді түсіру үшін де 50 продакшн студия таңдалады.

Айта кетейік, оқиғалар байқауы 2020 жылдың 1 шілдесінен бастау алды. Әр жеңімпаз киносынаққа қатыса алады. Одан өтіп, рөлге бекітіліп жатса, хикая кейіпкері болуға мүмкіндігі бар. Ендеше, асығыңыздар!

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @tvkhabar24

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы