Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 сәуір, 2020218

Елімізде кино - карантин

Қазақстан аумағында әлемдік қауіпті COVID- 19 пандемиясы жағдайына байланысты карантин енгізілген болатын.

Cол себепті, қазіргі таңда ел бойынша жүріп жатқан «Біз біргеміз!» атты акциясына отандық кино саласының майталмандары да белсенді атсалысып  келе жатыр.

 

Әлемді жаулаған қатерлі індет біздің елге де өз қауіпін төндіріп отыр. Қазір аурумен күресу мақсатында еліміздің барлық облыстарында карантин жарияланып, азаматтар маңызды себеп болмаса, үйлерінен шықпау керектігі ескертіліп, қалалардағы көлік қозғалыстары мен қоғамдық автобустардың жұмыстары тоқтатылып жатыр. Мұндай уақытта халықтың бірге болуы, олардың ортақ ережеге бағынуы аса маңызды. 24 сағат бойы төрт қабырғада болуы керек қоғамды қолдау мақсатында әрі олардың алтындай қымбат уақытын пайдалы өткізуі үшін елдің белгілі киногерлері де қол қусырып қарап қалған жоқ.

 

Дәлірек айтсақ, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері бірігіп ұйымдастырған арнайы бағдарламалар көңіл қуантады. Солардың бірі, елімізге белгілі талантты әрі еңбекқор режиссер Ақан Сатаевтың атаулы деген фильмдері "Қазақстан", "Ел - Арна", "Хабар" және КТК арналарында теледидар алдындағы көрермен назарына ұсынылатын болмақ. Ол туралы күні кеше ғана Сатаев инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында бөліскен болатын.

 

Ақан Сатаев, режиссер:

«Еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде біздің фильмдерді көрермен назарына ұсыну мен үшін үлкен мәртебе. «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол» және «Томирис» фильмдерінде біз ата-бабаларымыздың, халқымыздың қандай қиыншылықтарға тап болса да, сол қасіреттен әрдайым бірігудің арқасында, ерлікпен жеңгендігі туралы айтамыз! » - деп айтылған режиссердің хабарламасында.

 

Сіздер үшін арнайы дайындалған бағдарлама мынадай:

 

5 сәуір күні сағат 22:30-да "Қазақстан" арнасында - "Томирис" тарихи фильмі;

10 сәуір күні сағат 20:00-де "Ел - Арна" арнасында - "Томирис" тарихи фильмі;

11 сәуір күні сағат 18:00-де "Хабар" телеарнасында - "Томирис" тарихи фильмі;

Сонымен қатар, «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарында режиссердің «Анаға апарар жол» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері көрсетіледі. Сондай-ақ, мамыр айында КТК телеарнасында - "Томирис" тарихи фильмінің көрсетілімі жоспарлануда.

 

Мұндай қиын кезеңде дәл осы фильмдердің көрсетілімінің жоспарлануы да кездейсоқ емес. Халқымыз нақ осы кино-картиналарды тамашалау арқылы, олар биік рухани қазына мен жақсылыққа деген үміт алатыны сөзсіз. Сондықтан, денсаулығыңызды күтуді және отандық фильмдерді тамашалауды ұмытпаңыз. Үйде болыңыз!

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Бауыржан Жуасбаев

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы