Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 маусым, 2020334

Елімізде желілік маркетинг туралы сериал түсірілмек

Жас режиссер Мирас Төлеуханов қазіргі таңда өте актуалды болған желілік маркетинг туралы «Сетевики» атты туындының жұмысына кіріспек. 

Бүгінгі таңда қаражат табу үшін, табыстың кілті болған желілік бизнес кең өріс алуда. Оны біз күнделікті өмірімізде жиі жолықтырып, кезедесіп жатамыз. Желілік маркетинг қазіргі таңда табыс табудың жаңа түріне айналған функционалды жұмыс түрі екені жасырын емес. Бұл тақырып туралы көптеп айта беруге болады. Оның түрлері мен әр қилы жолдары бар. Бірақ өкінішке орай барлығы да керемет бола бермейді. Жаңалықтардан осы бизнесте бірін-бірі тығырыққа тіреп, алаяқтардың құрбаны болатындар саны көбеюде. Желелік маркетинг туралы, жалпы желілік бизнес жайында ендігі біз үлкен экрандардан тамашалай аламыз. Отандық киноматографияда комедиядан бөлек осы секілді қазіргі қоғамда актуалды тақырыптарға фильм түсірілетіні мүлде бір жаңа деңгейдің көрінісі екені анық. 

Фильмдегі оқиға желісі желілік бизнеспен айналыса бастаған үш құрбылар туралы болмақ. Желілік кәсіптегі түрлі қиындықтар мен проблемалар басты кейіпкерлердің өміріне түрлі жаңалықтар әкеледі. Дегенмен, олар бастаған бұл кәсіп түрі жемісті әрі мол табысты боларына сенеді. Осылайша құрбылардың өмірі түбегейлі өзереді. 

Фильм авторларының айтуынша фильм америкалық «Как стать богом в Центральной Флориде» кино комедиясына жауап ретінде болуы мүмкін. Картина сюжеті бойынша тоқсаныншы жылдарда негізі қаланған “қаржылық пирамиданың” қарқынды түрде даму процессі көрсетіледі. Кинофильмдегі басты кейіпкер Кирстен Данст қалтасында көк тиын қалмай, дағдарысқа ұшырайды да дәрменсіз болып қалады. Осының нәтижесінде ол амалсыздан желілік маркетингпен айналысуына тура келеді. 

Кино жобаны түсіруші студияның пайымдауынша, бұл туынды танымал КДМ (көп деңгейлі маркетинг) туралы трагикомия жанрында түсірілетін біздің елдегі алғашқы шығарма болуы мүмкін.

Картинаға жоба режиссері Мирас Төлеухановпеен бірге тәжірибе алмасқан әріптесі Амангелді Аубакиров продюсерлік етеді. Олар «Карта мечты» драмасында бірге жұмыс атқарған. Басты рөлдерде студияның түлектері мен студенттері түсіріледі деп жоспарлануда. 

Еске сала кетейік, Мирас Төлеуханов 1984 жылы жиырма жетінші шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Негізгі мамандығы қаржыгер болғанымен, кино әлеміне қызығушылығы артып, режиссураға көңіл бөле бастаған. Нәтижесінде, қазіргі таңда оның қанжығасында ел арасында біршама танымалдылыққа ие болған “Петля” және “Карта мечты” кинокартиналары бар.

"Сетевики" сериалының премьерасы 2020 жылға жоспарлануда.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  inbusiness.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы