Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 сәуір, 2020324

Еліміздегі ең үздік каскадерлер тобы Nomad Stunt туралы не білеміз?

Nomad Stunt – халықаралық профессионалды каскадерлер тобы еліміздегі кино саласының мақтаныштары әрі оны әлемдік деңгейде танымал болуына өз үлестерін қосып келе жатыр. Картинадағы ауыр іс-қимылдардың басым бөлігін орындап жүрген қазақстандық каскадерлер тобы бүгінде таудай жетістіктерге жетіп келеді. Танымал Nomad Stunt каскадерлер тобын сіз білесіз бе?

Каскадёр - кинематографиядағы мамандықтардың бірі, күрделі және қауіпті трюктерді орындаушы. Табысты каскадер болу үшін тек актерлік қабілеттіліктерден бөлек, денсаулығың мықты, денең шымыр әрі шапшаң болуы шарт. Қойылатын шарт аса күрделі болса да, картинаның көрінбес жұлдызына айналса да олар өз кәсібіне адал, істеріне деген сүйіспеншіліктері бөлек, ерекше. Бүгін біз еліміздегі үздіктер қатарынан қашанда көрінетін Nomad Stunt халықаралық профессионалды каскадерлер тобымен танысатын боламыз. 

 

2000 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Кунгужинов елдің түкпір-түкпірінен ең үздік деген каскадерлер мен актерлерді жинап, Номадтың негізін қалады. Араға небәрі үш жыл салып "Қазақфильм" студиясының шақыртуымен Nomad Stunts каскадерлері отандық ең ауқымды болған "Көшпенділер"  тарихи картинасының түсіріліміне қатысты. Каскадерліктің шебері атанған Жайдарбек Кунгужинов танымал Марк Дакаскос пен Джейсон Скотт Ли секілді актерлердің дублері болуға ұсыныс алды. Сондай-ақ, ол 2007 жылы Сергей Бодровтың "Монғол" атты фильміның трюктер қоюшысы ретінде айтулы үлесін қосқан еді. 2015 жылы Күнгужинов Hitz International халықаралық трюкшілер тобына қабылданды.  Бұл Nomad Stunts каскадерлері үздік әлемдік каскадерлік командаларының қатарына кіруіне үлесін қосты. Фильмдегі әсерлі экшн-көріністер, аса ауыр трюктер мен жаттығулар киноиндустрия кәсіпқойлары мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Бұл қазақстандық каскадерлер тобының әлемдік аренаға шығып, танымалдылыққа ие болуына оң әсерін тигізгені сөзсіз еді. 

 

2009 жылдан бастап қазақстандық каскадерлер отандық және голливудтық фильмдер мен жобаларда тұрақты түрде атсалысып, жүйелі шақыртулар ала бастады. Мәселен: "Мулан" (2020), "Томирис" (2019), "Анаға апарар жол" (2016), "Письмо королю " (2020), "Марко Поло" (2016), "Воскресший Эрт" (2014-2019), "47 Ронинов" (2013), "Неудержимые" (2012), "Жаным, ты не поверишь" (2020), "Конан- Варвар" (2011), "Шырақшы. Хранитель"(2020), "Баахубали: Рождение легенды" (2017), "Батырлар" (2019), "Захар беркут" (2019), "Ва-банк" (2020), "Kazбат" (2019), "Союз спасения" (2019), "Тобол" (2019),"Балуан Шолақ" (2019), "Банды Индостана" (2018),"Время стойких" (2018), "Макмафия" (2018), "Equus. История лошади" (2018), "Золотая Орда" (2018), "Домашний арест" (2018), "Бизнесмены" (2018),"Завоеватель" (2018), "Женщины- воины" (2018),"Легенда о Коловрате" (2017), "Викинг" (2016), "Ты – моя Родина" (2016), "Қазақ Хандығы. Алмас қылыш" (2016), "Отважный и красавица" (2016), "Аманат" (2016),"Районы" (2016), "Рэкетир" (2015),"Жат" (2015),"Кенже" (2015),"Голос степей" (2014),"Весь мир у наших ног" (2015), "Құрманжан Датқа" (2014),"Ограбление по - казахский" (2014), "Балалық шағымның аспаны" (2011),"Ликвидатор" (2011), "Шал" (2012),"Сказ о розовом зайце" (2010),"Байқоңыр" (2011),"Тучи над холмами" (2009),"Біржан сал" (2009),"Ағайынды" (2009),"Мұстафа Шоқай" (2008),"Рэкетир" (2007),"Келін" (2008),"Дневной дозор" (2005), "Кочевник" (2005) және тағы да басқа танымал фильмдері бар.  

 

 Айта кеткен жөн, Nomad Stunt  каскадерлер тобының жетекшісі және негізін қалаушысы Жайдарбек Кунгужинов 2017 жылы ресейлік "Викинг" картинасымен жұмыс істегені үшін әлемдік каскадерлер академиясының "Таурус" сыйлығымен марапатталды. Сонымен қоса, бұл премияны елде "Каскадер Оскары" деп те атайды. Марапаттау рәсімі Лос-Анджелес қаласында өтті. Тағы бір мақтанатын жәйт, 2018 жылы Жайдарбек Күнгужинов пен Nomad Stunts тобы қазақстандық КИНЭС рекордтар кітабына енген болатын. Бұл айырықша әрі өзгеше марапат екені мәлім. Соңғы 20 жыл ішінде Nomad Stunts каскадерлері Киану Ривз, Сирша Ронан, Колин Фаррел, Сэмюэл Л. Джексон, Джейсон Стейтем , Натали Портман, Таданобу Асано, Лю Ифэй, Шон Бин, Мишель Йео, Эд Харрис, Брюс Уиллис, Арнольд Шварценеггер, Джет Ли, Донни Йен, Том Ву, Бенедикт Вонг сияқты әлемдік кинематографтардың жұлдыздарымен бірге фильдерге түсіп, олармен орасан зор тәжірибе алмасты. 

 

Қазақстандық каскадерлердің соңғы жұмысы ретінде Walt Disney таспалайтын «Мулан» картинасын айтуға болады. Жалпы бұл отандық кинематография тарихында алғаш рет орын алған ерекше жағдай болатын. Себебі, біздің отандастарымыз ғасырлық тарихы бар әлемдік ең үздік бренд саналатын Walt Disney-ден шақырту алған алғашқы қазақ киногерлері еді. Отандық немесе шетелдік болсын киногерлер  картинада аттың құлағында ойнап, жануар үстінде трюк жасау қажет болар болса бірден дәл осы Nomad Stunt каскадерлер тобының көмегіне жүгінеді. Дәл сол үшін Диснейлік мамандар басқа елдің каскадерлеріне сенбей, тек отандық топқа үміт білдіргенді. Қазақстандық каскадер тобының жетекшісі фильм продюсерімен Neftlix үшін түсірілген «Марко Поло»  сериалында бірге жұмыс істегенін айтады. Картинада ол Джейсон Скотт Лидің орын алмастырушысы болып ойнайды.  Түсірілімге қатысқан барлығы 13 отандық актерлер. Олар 2018 жылдың ортасында Жаңа Зеландия еліне келіп, жарты жыл көлемінде түсірілімдерге дайындалып, жаттығуларын пысықтаған. Әрине, арасында қиындық тудырмайтын жеңіл сахналардың да түсірілімдері жүргізіліп отырған. Алайда, Nomad Stunt каскадерлері шетелдік киногер мамандар көрермен алдындағы жауапкершілікті терең сезінгендіктен тіпті кішігірім сахнаға болсын үлкен мән беріп, әрбір актермен жете дайындық жүргізетінін жеткізді. Түсірілім алаңында  Джейсон Скотт Ли, Джет Ли және Донни Йен сияқты танымал актерлер болды. "Мулан" фильмінің алғашқы трейлері 7 шілдеде жарық көрген болатын. Басты рөл 31 жастағы Лю Ифэй есімді қытайлық актрисаға бұйырды. Ол Хуа Муланның рөлін сомдайды. Картинаның премьерасы 2020 жылдың 27 наурызында өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, әлемде орын алған жағдайға байланысты фильмнің тұсау кесері жаз мезгіліне қалдырылды. 

Сондай- ақ, қазақстандық каскадерлер үшін бұл бір ғана мега жоба емес. Олар қазір Кейптаун (ОАР)  жерінде Cinemax/HBO арнасына арналған Warrior сериалының екінші маусымының түсірілімдеріне қызу дайындық үстінде. Картина аты аңызға айналған Брюс Ли идеясы бойынша түсіріледі. Картинаның режиссері "Форсаж 5", "Форсаж 6", "Поединок", және "Настоящий детектив" фильмдерін түсірген Джастин Лин. Сонымен қатар,  біздің қазақстандық каскадерлер Чехияда түсірілетін Netflix-тің жаңа жобасына кастингінен өткен болатын.

Nomad Stunts халықаралық тобы бүгінде 7 елді: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Австралия, Канада, Түркия, Әзірбайжан секілді елдерді қамтып отыр.

 

Құрамында 86 каскадерлер мен 40 арнайы оқытылған, қиын трюктерді жасайтын жылқылар бар. Номад тобы ат трюктері, акробатика, риггинг, пиротехника, сахналық қозғалыс, жауынгерлік көріністерді қою және әр түрлі қару түрлерімен бірге жаттығуларды орындау, биіктіктен құлау сияқты бағыттарда жұмысын жүргізеді. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  nomadstunts.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы