Размер шрифта:

Цветовая схема:

15 сәуір, 2020469

Еліміздің үздік кино-геолокациялары

Біздің жеріміз кең байтақ, табиғаты әсем, сұлу ландшафты. Оған отандық фильмдердің тек өз жерімізде түсіріліп, әдемі пейзаждардың тек қазақ даласында түсірілетініне қарап қайта көз жеткізесің. Киногерлердің ойынша біздің өлкемізде тарихи драмадан бастап фэнтезиге дейін түсіруге мүмкіндік беретін көркем жерлер көп. Сонымен, қай жерде кино жиі түсіріледі? Қай өңір отандық режиссерлер арасында аса танымал? Олардың сүйікті локациясы қандай? Бұл сұрақтарға жауапты  бүгінгі топтамадан табасыз.

Іле Алатауы

 

Еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі атанған Іле Алатауы National Geographic белгілеген әлемнің 100 керемет жерінің үздік тобына енген. Жаны экстримді сүйетін туристер мен жергілікті тұрғындарды өзінің биік тау мұздақтарымен, тау суы ағатын мөлдір өзендерімен, көшпелі аңғарлармен баурайды. Іле Алатауының ең көрікті әрі танымал жерінің бірі – Түрген шатқалы. Ол таудың ең ұзын әрі кең шатқалдарының бірі. Табиғатының кереметі соншалық, тіпті жазғы +25 градус ыстықта биік таулы үстірттің маңында қар жатады. Аталмыш жер киногерлер үшін таптырмас локация екені  мәлім. Нақ осы тау жайында түсірілген отандық картиналар да баршылық. Солардың бірі «Еще один день»  фильмі. Режиссер Виталий Кистановтың бұл алғашқы дебюттік жұмысы. Фильм желісі бойынша, қазақстандық досының шақыртуымен келген шетелдік турист Алматы тауларында адасып, өмір мен өлімнің арасында арпалысады. Түсірілім толықтай тек тау беткейлерінде түсірілген. Картинада керемет биік шатқалдар мен Іле Алатауының әсем көріністерін тамашалуға болады. 

 

Көлсай көлдері

 

Көлсай – қазақ жерінің алтын қазынасы, мақтанышы. Бірден үш көл орналасқан Күнгей Алатау жотасының шығыс бөлігіндегі көркем шатқал Алматыдан 300 км қашықтықта орналасқан. Көлдер теңіз деңгейінен 1800, 2250 және 2700 метр биіктікте орналасқан. Күнгей-Алатау тау жоталарында орналасқан мұздықтардан бастау алады. Көлсай көлдері өте терең, суы тұщы. Мәселен, бірінші көлдің тереңдігі  80 м болса, ал екінші көл шамамен 50 м тереңдікте. Туристер мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналған. Бұл жерде көптеген отандық фильмдер мен телевизиялық жобалардың, бейнебаяндар мен роликтердің түсірілімдері өтеді. Солардың бірі, жақында ғана көрерменге ұсынылған белгілі режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбайдың «Әкім» кинокартинасы. Фильмде еліміздің көрікті табиғаты мен әсем жерлері көрсетілген. Режиссер түсірілім барысында француздар мен ағылшындарды кездестіріп, олардың біздің елімізге деген қызығушылығының зор екендігін байқап, елде туризмның дамып келе жатқандығына көз жеткізгендігімен бөлісті. 

 

 

Хан Тәңірі шыңы 

Хан Тәңірі шыңы – Қазақстан мен Қырғызстан және Қытай шекараларында орналасқан, Шығыс Тянь-Шаньдағы шың. Биіктігі 6995 метр солтүстік жер шарындағы ең биік нүктесі. «Вернуться с Хан-Тенгри» фильмі биік шыңның құдіретін дәлелдейтін картиналардың бірі. Режиссер әрі актер Әнуар Нұрпейісовтың бұл туындысы кәсіби альпинистердің биік шыңды бағындыруға қалай дайындалғанын, олардың өз қорқыныштарымен қалай күресіп, талай қиындықтарға тап болғандығын баяндайды. 

 

Медеу

Медеу спорт кешені- әлемдегі ең ірі жасанды мұз айдындардың бірі. Медеу 1972 жылы тұрғызылды. Жалпы Қазақстанның көрікті жерлерінің біріне айналған мұз айдыны қала қонақтары мен тұрғындарының сүйікті жеріне айналған. Медеуді отандық кинолардан да, бейнеклиптерден де көру таңсық емес. Спорт кешенінде түсірілген алғашқы фильмдердің бірі «До свидания, Медео» картинасы. 

 

Қайыңды 

Қайыңды көлі – жеріміздің інжу моншағы. Оның тап –таза мөлдір суы мен ну орманына тамсанып, сұлулығына көзің тоймайтыны рас. Бұл локация әрбір кино үшін де, естелік фото үшін де таптырмас орын. Мұндай ертегідей көркем жерде тек ертегілер түсіру керек деген оймен режиссер Ахат Ибраев 2012 жылы "Аңыз кітабы. Жұмбақ орман" атты картинасын дәл осы Қайыңды жерін негізге ала отырып түсірген. 

 

Бурабай

Бурабай Қазақстанның ең танымал курорттарының бірі. Табиғаты әсем бұл жерге Қазақстанның екінші Швейцариясы деген теңеу де берген. Бурабайдың басты көрікті жері – Жұмбақтас жартасы. Ол бір жағынан Мысыр сфинксін еске түсірсе, екінші жағынан –– Сұлу қыздың бейнесіне ұқсайды. Бурабайды әнші Беркуттың режиссерлігімен түсірілген алғашқы «Логово» атты картинасынан тамашалауға болады. 


Шарын каньоны

Шарын каньоны - Қазақстандағы ең көне және әдемі орындардың бірі. Каньон қатпалдарына 12 миллион жылдан астам уақыт болған. Ал жел мен судың әсерінен ашық-қызыл түске енетін құмдақтың керемет формалары өзінің ғажайып сұлулығы әрі әсемдігімен таң қалдырады. Шатқалдарда отандық фильмдер әсіресе тарихи картиналар көптеп түсіріледі. Мәселен, елге белгілі режиссер Ақан Сатаевтың "Жау жүрек мың бала" тарихи фильмінің түсірілімдері дәл осы шатқалда жалғасқан. Сондай-ақ, 1996 жылы Абай Қарпықовтың «Тот, кто нежнее» атты шытырманға толы фильмі де дәл осы Шарында түсірілген. Шарын ұлттық паркі-бұл шексіз ұлы қазақ даласының көрінісі іспеттес. Каньонының пейзаждарының арқасында кез-келген фильм ерекше бояуға еніп, өзіндік кино шедевр болатыны хақ. 

 

Номад бекінісі

«Номад» бекінісі 2005 жылы түсірілген «Көшпенділер» фильміне декорация ретінде қаланған еді. Қапшағайдан 30 км қашықтықта орналасқан бекініс XVIII ғасырдың стилінде салынған. Бұл жер тарихи фильмдер үшін үздік локация екені белгілі. Бекіністе барлығымыз сүйіп тамашалаған "Томирис", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш", Тимур Бекмамбетовтың  «Дневной дозор» мен «Мел судьбы» фильмдері түсіріліген. Қалашықта кішігірім базарлар мен алаңқайлар, ежелгі мешіт пен үйлер салынған. Қазір бұл жерде әртүрлі фильмдер мен бейнебаяндардан басқа, тематикалық көрмелер мен этнографиялық лагерьлер,  мастер-класстар ұйымдастырылып отырады. 

 

Үшқоңыр үстірті

Көптеген қазақстандық кинорежиссерлер Үшқоңыр үстіртін фильм үшін өте сұлу орындардың бірі екендігін айтады. Үстіртте түсірілген ауқымы кең фильмдердің бірі "Балалық шағымның аспаны" картинасы болды. Алматы қаласынан 35 шақырым жерде Жандосов поселкесінің бойында орналасқан жердің табиғаты көк шөбімен, жазық даласымен ерекшеленеді. Сондай- ақ, суы мөлдір Үшқоңыр көлі де дәл осы маңда орналасқан. 

 

Ақ Бұлақ

Ақ бұлақ тау шаңғысы курорты Іле Алатауы тауларының бойында орналасқан.  Таңғажайып пейзаждарымен танымал орын көп қазақстандық фильмдерде бой көрсеткен. Мәселен, танымал тележүргізуші, актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың "Бизнес по казахски" фильмі дәл осы курортта тү

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы