Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 маусым, 2021285

Ермек Тұрсынов режиссерлік еткен фильмдер 2

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ермек Тұрсынов түсірген фильмдер топтамасын жалғастырайық. Бүгін режиссердің «Кемпір», «Кенже», «Жат» және «Шырақшы» фильмдеріне тоқталып, кеңірек ақпарат беретін боламыз.

«Кемпір» фильмі

Режиссер бұл фильмді Қанат Төребайдың режиссерлігімен 2014 жылы түсірген. Сценарийді өзі жазған ол көруге жеңіл, халықтық комедия минутқа сыйдырған. Негізгі рөлдерді Болат Қалымбетов, Ғазиза Әбдінәбиева, Димаш Ақымов, Қадырбек Демесінов, Гюль Зиятова, Ерболат Тоғызақов, Ісбек Әбілмәжінов, Мұрат Нұрасылов, Нартай Сауданбек сындық актерлар сомдады.

Кинотуындының сюжеті бойынша, Қайырғалы атты қария өзінің кемпірімен бірге алыстағы қазақ ауылдарының бірінде тұрады. Ол кемпірі Күлпашпен 40 жыл отасқан, олар бір-бірін мектеп кезінен біледі. Қарияның мазасыз екі досы бар, олар – бір кездері Күлпашқа ғашық болған Байбет пен Сәскебай. Бір күні аяқ астынан Күлпәш кемпірдің аяғы ауыр екені белгілі болады. Осылайша шал мен кемпірдің қызықты оқиғалары басталады.

Фильм көрерменге 2014 жылдың 14 наурызында қазақ тілінде және аударма орыс тілінде жол тартты. Бұл фильм Е. Тұрсыновтың «Келіні» қандай үнсіз фильм болса, сондай көпсөзді туынды деуге болады. Композитор Қуат Шілдебаев фильмге ретро стиль беретін тамаша лирикалық әндер жазған. Бұл фильмнің жанры комедия емес, жай ғана белгілі бір уақыттағы қариялар өмірінен қиылып алынған үзінділер іспетті. Оператор Юрий Райский олар өмір сүретін ауылдың сұлулығын, тамаша табиғатын әдемі суреттей алған. Режиссер фтльмде кеңестік фильмдерге сілтеме жасап, көрерменнің есіне «Тақиялы періштені», «Біздің сүйікті дәрігерді», Шуриктің қызық оқиғаларын салады. 

Режиссердің айтуынша, бұл картина сол кезге дейін өзі жазған және түсірген фильмдерінің ішінде өзіне ең ұнағаны екен. Алайда оның тек жалғыз өзінің ғана емес, аталған фильм халықтың да, киносыншылардың да көңілінен шықты.

«Кенже» фильмі

Аталған фильм – «Келін» - «Шал» - «Кенже» трилогиясының үшінші бөлімі. Ұзақтығы 100 минутқа жалғасатын экшен жанрындағы фильмнің сценарийін Тұрсыновтың өзі жазған, ал композиторы – режиссердің көп фильмдеріне саундтрек жазған Қуат Шілдебаев, операторы – Сергей Козлов. Бұл картинаны түсіруге үш жыл уақыт кеткен. Түсірілім жұмыстары Испания, Тайлан секілді елдерде өтті. Басты рөлдерде Жандас Айбасов, Эдуард Ондар, Сергей Попов, Михайл Хмуров, Ольга Зайцева, Айнұр Ниязовалар ойнаған.

Кинотуынды ата-анасынан ерте айрылған бауырлардың тағдырын бейнелейді. Үлкені 12-де, кішісі 9-да болғанда туыс ағасының қолында тұрған оларды интернатқа өткізбекші болады. Біраұ ол жерден қашып шығып, қалаға кеткен олар ерте есейіп, өз күндерін қылмыстық жолдан табады. Екі бауырдың кенжесі Еуропа аралап, жалданып адам өлтірумен айналысады, ал ағасы қылмыс әлемінде беделі бар тұлғаға аналады. Фильм соңында Кенже өз ағасын өлтіреді, ал өзі басқа біреулердің қолынан қаза табады.

 «Мен осы фильмді белгілі бір жанр тыс еьіп жасағым келді. Қолымна келген-келмегенін – көрермен айта жатар. Бірақ бұл жастармен сөйлесудің тәсілі болды. Олар түсінетін контексте әңгімелесу. Оларды осы атыс-шабысқа әйретіп тастады ғой. «Кенжеде» барлығы бар: атады, өлтіреді, қуып жетеді, шатырдан секіреді, бірақ олар бар болғаны – шектеу», – деді фильм туралы режиссердің өзі бір сұхбатында.

Фильм халықтың көңілінен шығып, ыстық ықыласқа бөленді. Басты рөлді сомдаған Жандос Айбасов ХХІV «Киношок» ТМД және Балтық елдерінің кинофестивалінде «Үздік актер» номинациясы бойынша сыйлықты (Ресей, қыркүйек, 2015 ж) жеңіп алды.

«Жат» фильмі

2015 жарық көрген Е. Тұрсыновтың бұл фильмінің сцеранийін режиссердің өзі дипломдық жұмыс ретінде осыдан 30 жыл бұрын жазған. Араға 25 жыл салып экранға шыққан кинотуындыда оператор ретінде Мұрат Әлиев, композитор – Қуат Шілдебаев, суретші – Александр Ророкин, продюсер болып Қанат Төребаев еңбек етті. Негізгі рөлдерді сомдағандар – Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Александар Карпов, Қандық Қыстықбаев, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов, Алтынай Нөгербек, Еркебұлан Дайыров, Нышанбек Жұбанаев.

TURSUNOV FILM киностудиясының алғашқы өнімдерінің бірі деп жарияланған «Жат» фильмінің оқиғасы 20 жылдан астам уақытты қамтиды және барлық іс-әрекеттер тау бөктеріндегі шалғай ауылмен шектелген шағын кеңістікте өтеді. Картинаның басты кейіпкері – Ілияс, оны көрермендер фильмнің басында тоғыз жасар бала, ал соңында 40 жас шамасындағы ер адам ретінде көреді.

Фильмде басты кейіпкер өмірінің тарихи фоны:  20-шы жылдардың аяғы – 30-шы жылдардың басындағы ұжымдастыру, ашаршылық, сталиндік репрессиялар, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін, соғыс, немістерді Еділ бойынан депортациялау, Иосиф Сталиннің қайтыс болуы, «Хрущев жылымығы» – барлығы өрсетіледі.

Тоғыз жасар Ілияс шалғайдағы ауылда әкесімен бірге қарапайым сарайда тұрады. Билік ауыл тұрғындарының малын тартып алып жатыр, жүргізіліп жатқан ұжымдастыру «өркендеу», «тоқ өмір» әкеледі деп уәдені үйіп-төкті. Бірақ айналада аштық басталып,  өлім-жітім көбейіп кетті. Билікке сенбеген адамдар із-түзсіз жоғалып кетеді. Бір күні түнде НКВД офицерлері Ілиястың әкесін іздеп келіп, оны мәңгілікке белгісіз бір жаққа алып кетеді.

Көп ұзамай Ілиястың көршісі оның биесін сұрап алады, ол оны балаларына тамақ қылып береді. Ілиясты өзінің отбасымен бірге тұруға шақырады. Бірақ бала жігіт басқаша шешім қабылдайды. Ол азын-аулақ заттарын жинап, биеден қалған құлынды алып тауға кетеді. Оның дәруіш ретінде өмірі осылай басталады. Ол тау үңгіріне қоныстанып, тамақ үшін жабайы аңдарды аулап күн көреді. Кейде туған ауылына барып тұрады. Оның қай жерде екенін тек бірнеше адам білді – қарт еврей Ыбырай (саяси қуғын-сүргін) және оның балалық шақтағы достары Кәмшат пен Ғани. Ыбырай Ильясқа мылтық алуға көмектесті және таудан түскен сайын оған қажетті заттарды – патрондар, қант, тұз және басқаларын дайындап беріп отырды. Мұның бәрін олар Ильяс әкелген жабайы аңдардың терісіне айырбастады.

Диуананың күйін кешкен Ілиястың оқиғасын баяндайтын «Жат» драмасы Қазақстан тарапынан беделді халықаралық сыйлық «Оскарға» ұсынылған болатын. Мұны қазақстандық режиссердің фильміне шолу  жасаған көптеген авторлар атап өтті. Осындай шолулардың бірі  Hollywood reporter баспасында да жарыққа шықты. Рецензия авторы фильмде қойшы туралы астарлы әңгіме деп сипаттап, басты кейіпкер Ілиясты кинематографиялық бейнелер Дерсу Узалмен (Акира Куросаваның аттас фильмінде), Джеремия Джонсонмен (Сидней Поллактың аттас фильмінде) және тіпті «Алғашқы қан» фильміндегі Рэмбомен ұқсастықтары бар екенін атап өтеді. Шетелдік басылымдағы шолуда фильмнің осал тұсы ретінде тарихи негіздердің жеткіліксіз баяндалғаны айтылған. Сондай-ақ, кейіпкердің фильм бойындағы аңғалдығы мен оның әлеуметтік және жыныстық қызығушылығы жоқ екені сыналған. Рецензент сонымен қатар фильмдегі басқа кейіпкерлердің «нашар» және «жақсы» деп екіге ғана бөлінетінін атап өтті, бұл ол кейіпкерлерді  қабылдауды қиындатады.

«Оскарды» жеңу бақыты бұйырмағанымен аталған фильм кейін Таллиндегі «Қараңғы түндер» кинофестивалінде Азияның ең үздік фильміне берілетін NETPAK (Award for best asian film by the jury of Network for the promotion of аsian cinema-V)  сыйлығымен марапатталды.

«Шырақшы» фильмі

2019 жылы 18 маусымда ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалі аясында әлемдік премьерасы өткен фильмнің сценарийін режиссер өзі жазған. Осындай ауқымды фестивальге отандық киноөнім бірінші рет жолдама алды. «Шырақшы» фильмі қазақстандық көрермендердің есінде осы беделімен қалған-ды. Кинотуындының продюсері – Қанат Төребай, композиторы – Қуат Шілдебай, қоюшы-операторы – Мартин Сечанов, қоюшы-суретші – Қуат Тілеубаев. Басты рөлдерді Мұрат Мұқажанов, Қуат Тілеубаев, Нина Усатова, Ерболат Тоғызақов, Әлібек Данабайлар сомдады.

 Айта кету керек, бұл фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Тұрсынов Фильм» компаниясының қатысуымен түсірілген. Негізгі түсірілім Алматы облысында өтті, ал бір бөлігі Еуропада түсірілді. Фильм халықаралық болып та саналады, себебі онда Ресей, Германия және Венгрия актерлері де бой көрсетті.

Фильмнің басты кейіпкері – ауылына соғыстан қайта оралған сарбаз. Оның қолында – өзі құтқарып қалған неміс қарт сыйға тартқан кинопроектр. Ол өмірінің соңына дейін бұл құрылғыны қолынан тастамай өтеді. Себебі ол кино арқылы халытың көзн ашып, оларға сәулетүсіре аламын деп ойлайды.

«Бұл мен үшін үлкен дебют болды. Мен бұған дейін жұлдыз болған емеспін. 60-70 жылдары институтта студент кезімде тек шағын эпизодтарда ойнағам. Бұл фильм мен үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Себебі 70 жасқа келіп, фильмнің басты рөлінде ойнап керемет екен. Мен бұл мінддетті жақсы атқара алдым ба, жоқ па, көрермен баға берсін», – дейді негізі кейіпкерді сомдаған.  М. Мұқажанов.

Халықтың да, сыншылардың да оң бағасын алған туынды халықарлық жүлделерден де құр алақан емес. Мысалы, Анапада өткен ресейлік «Киношок-2019» кинофестивалінде «Кино өнері қызметкерінің поэтикалық образын жасағаны үшін» Мұрат Мұқажанов қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды. Сондай-ақ «Көркем фильмдегі ең жақсы камералық жұмыс үшін» Мартин Сечанов А.Княжинский атындағы сыйлықты («Киношок-2019», Анапа) жеңіп алды. 2019 жылы Сочи халықаралық кинофестивалі мен марапаттарында басты рөлді орындаушы, Ресейдің халық әртісі – Нина Усатова «Үздік актриса» сыйлығымен марапатталса, кинотуындының өзі «Үздік фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы