Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 тамыз, 2020217

Еуразиялық кинофестиваль офлайн режимінде өтетін болды

Лондон қаласында  13 және 19 тамыз аралығында екінші мәрте Еуразиялық кинофестивалі ұйымдастырылады. 

   Бұл жолғы кино-байқаудың өз ерекшеліктері де жоқ емес. Осы жылы кинофестиваль кинотеатрда офлайн режимінде өтетін болмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл  Ұлыбританияда өтетін кино саласындағы алғашқы оқиға.

    Кинофестиваль директоры Майра Қарсақбаева Facebook-тегі парақшасында байқауға Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Тәжікстан және Финляндияның фильмдері ұсынылатынын хабарлаған болатын. Онлайн іс-шараға қатысуға ние білдірген көрермендер үшін ZOOM және Youtube платформаларында күнделікті дайджест мүмкіндігі беріледі.

 Сонымен қатар, кинофестиваль директоры Майра Қарсақбаева өзінің әлеуметтк желі парақшасында екінші мәрте ұйымдастырылатын Еуразиялық кинофестивальдің ресми трейлерін жария етті.

     Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Лондонда британдық Romford Film Festival кинофестивалі аясында Еуразиялық кинофестиваль ұйымдастырылған болатын.

       Eurasian Creative Guild Film Festival - Еуразиялық аймақтағы киногерлерге қолдау білдіріп, жалпы сол жердің кинематографиясын кеңінен дамытуға бағытталған іс-шара. Фестивальдің міндеті - Еуразиялық киноны ағылшын тілді ортаға таныстырып, дамуына және Еуразиялық киноиндустрия өкілдерін бүкіл әлемдік аренаға шығып, кино саласында табысқа кенелген кәсіби мамандармен және белгілі киногерлермен таныстық қарым-қатынасты орнату болып отыр.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы