Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 сәуір, 2021245

Жалғыз сен үшін

«Сіз махаббат үшін қандай ерлік жасай аласыз?». Ерлік демекші, біреу үшін жалған үміт болуы мүмкін. Сүюдің қиындығын кім білер. Бүгінгі кино үлгіміз «My love is Aisulu»  туындысы да жүректі лаулатып, жалын қылатын махаббат тақырыбын қозғайды.

Кинотуындының сюжеті, басты кейіпкер Санжардың оқиғасы сценарист жазушыларға арналған байқауда сәтсіздікпен аяқталады. Үйге қайтар жолда, Санжар Айсұлу есімді сұлу арумен танысып, екі жан арасында сезім пайда болады. Бірақ, сұлу жанның жүрегін жаулап алу үшін Санжар Америкада фильм түсіріп жатқаны туралы жалған оқиғаны құрастырып, қиын жағдайға тап болады. Ғашық жандар үнемі байланыста болып, бір-бірін аңсап, сағынып жүреді. Бір күні, Айсұлу ғашығына тосын сый жасамақшы болып, Америкаға бағыт алады. Күтпеген жағдайға тап болған Санжар дереу Америкаға алғашқы рейспен ұшуға мәжбүр болады. Сүйіктісінен өтірігі үшін кешірім сұрау мақсатында басты кейіпкер шытырман оқиғаларға толы сапарға ілігеді.

Романтикалық комедияның сюжеті жаңашылдықпен ерекшеленбесе де, Америкалық үлгіде еліктеу алғаны көзге көрінер. Басты кейіпкердің сүйікті әйелімен кезіккен сәттен бастап, өмірі сәттілік пен көңіл шатқа толы нұрлануы жайында кино үлгілер жеткілікті. Отандық туындының да басты қозғағын идеясы жете алмайтын шыңдар жоқ. Әсіресе, өмірінде Айсұлу есімді махаббаттың жоллыққан сәттінен бастап, әлемде көтермейтін ауыр жоқ, бет қаратпайтын дауыл жоқтай сезім туралы баяндау алатын оқиға көруге тұрарлық.

Кинолентаның көңіл қуантатын тұсы- техникалық жағынан өте сапалы әрі жоғары деңгейде түсірілгені айқын байқалады. «My love is Aisulu» романтикалық комедиясына продюсерлік еткен Нұрлан Қоянбаевтың жобасы Алматы, Нұр- Сұлтан және Лос- Анджелес қалаларында түсірілген. Фильмнің кадрларында әсем әрі көз жауын алатын геолокациялардың көптен көрініс алуы сәтті болып шықты.

Романтикалық комедияның режиссері -Дархан Саркенов. Сценарий авторы – Жәміт Көшербаев. Фильмдегі образдарды жүзеге асырған актерлік құрам танымал әртістерден құралған. Басты рөлдерді сомдаған актерлер қатарында: Нұрлан Қоянбаев, Әсел Сағатова ,Жакан Утаргалиев, Кэри-Хироюки Тагава, Эркен Ялгашев, Бай Лин. Басты рөлді сомдап шыққан Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по казахски в Корее», «Бизнес по казахски в Америке» сияқты туындыларымен танымал. Әсел Сағатова «Ирония любви», «Рэкетир», «Районы» сияқты киноленталарда бой көрсеткен атақты актриса. Жалпы алғанда, туындыда актерлік шеберлігін көрсеткен ғашықтардың сезімдеріне сену кішкене қиын болып шықты. Сюжеттік желіде сүйіктілер арасында химия мен сезім жетіспегендей әсер қалдырды. Дегенмен, фильмнің басты айтар ойы мен мағынасы түсінікті.  Қателіктерге бой алдырмай, бағдар алған жолынан қайтпау маңыздылығын ерекше атап өткен жөн.  

Абай атамыз айтқандай, «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,  көзбен көр де, ішпен біл». Махаббатқа арнау алған романтикалық кино үлгісін тамашалағыңыз келсе, «My love is Aisulu» туындысы сіздің көңіліңізден шығады деген үміттеміз!

Автор:  Әсел Мұртбаева

Фото:  kinopoisk.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы