Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 маусым, 2021341

Жанель Серғазина: ерекше рөлдерді сомдаған ерекше актриса

Біздің фильмдер сан қилы таланттардың жұлдызын жағатыны рас. Солардың қатарында, «Батыр», «Сержан братан» және «Орбұлақ шайқасы» сынды картиналар бар. Бұл фильмдердің барлығын не байланыстырады дейсіз ғой? Осы бір ерекше картиналарда басты рөлді сомдаған ерекше талант иесі, ойнаған рөлдері бір-біріне еш ұқсамайтын аса талантты актриса Жанель Серғазина. Актрисаның кино әлеміндегі бүгінгі жолы өзгеше картиналарға толы, ендеше Серғазина түскен фильмдерге көз жүгіртіп өтелік.

Отандық актриса Жанель Серғазина бала күнінен өнер мен шығармашылыққа жаны жақын болып өскен. Мектеп жасынан-ақ мектеп сахналарында өнер көрсетіп, көптің көзайымына айналып үлгерген. Солкезден-ақ, кішкентай Жанельдің танымал актриса болатыны белгілі болған көрінеді. Өз өмір жолын актерлікпен байланыстыруды көздеген Жанель Алматы қаласында орналасқан Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алуға құштар болады. Жоғары оқу орнын үздік дәрежеде тәмәдап, арман қуып шетелге аттанады. Ол 2014 жылы Германия елінде актерлік шеберлік бойынша әртүрлі мастер-класстарға қатысып, өзін кәсіби тұрғыда шыңдай бастады. Сол жылы елге оралып, Алматы шаһарындағы түрлі театрлармен жұмыс істеп, сан қилы көптеген рөлдерді жүзеге асырады. Айта кеткен жөн, бұл Жанель сомдаған рөлдер мен образдардың сипаты мен стилі бойынша бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар. Жанель Сергазина алдына қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 2016 жылдан бастап «Жас сахнада» тұрақты құрамда ойнай бастайды. Жанель Серғазина барлық спектакльдерде барынша жан-тәнімен беріліп сомдайды, оның ойнаған рөлі мен өмірдегі өзінің шынайы бейнесінің айырмашылығы соншалық, адам сенгісіз актерлік шеберлікте сомдайды. Сонымен қоса, актриса болашақта сахналарды қою мен оны режиссерлік етумен айналысуды да мақсат тұтатын көрінеді. Осылайша, кино өнерін барынша жоғары деңгейде дамытуды армандайды.  Жанель Серғазина осы секілді театрлық қойылымдарда сомдап шыққан: «Счастливые нищие», «Гамлет», «Одноклассники. Уроки жизни», «Лавина – Пожилая женщина», «Свободные бабочки», «Жануарлар оқиғасы» және тағы басқа қойылымдар. Жанель Серғазина тек театрда ғана емес, сонымен қатар кинофильмдер мен веб-сериалдарда, әртүрлі телевизиялық жобалар мен отандық телехикаяларда басты және қосалқы рөлдерді сомдайды. Актриса біршама шетелдік марапаттарға ие болып, көптеген айтулы жобаларға ат салысқан. Санкт-Петербургте құйымдастырылған «Арт-окраина» фестивалінде өз бағын сынап көрген. Сонымен, Жанель Серғазина бой көрсеткен киноленталар мен телесериалдарға шолу жасап көрелік.

«Қош келдіңіз»

«Қош келдіңіз» - бұл ауыл тұрғындарының күнделікті өмірінде бастан кешіретін қызықтары мен көңілді шақтарын көрсететін отандық телехикая. Комедиялық жанрда түсірілген телесериал жанұядағы ене мен келін арасындағы қызықты жағдайлар, олардың ара-қатынасы, туыстар мен көршілердің тату-тәтті әрі кикілжіңге толы күндері бейнелейді. Туындының «Қош келдіңіз!» деген атауы да тегін емес, мұның бірден-бір себебі бұл үйден жиі қонақ үзілмейді. Бұл үйдің қонақтарының көбі танымал жұлдыздар, әшілер, өнер майталмадары, қоғам қайраткерлері, актриса мен актерлер, телевизия саласының мамандары және тағы да басқа дарынды талант иелері. Қонақ келсе құт келеді демекші, бұл шаңырақта күнде би, өлең, той. Әлемдік жаңалықтарда да хабардар болып отыратын отбасы күнделікті қызықты хикаяларға толы өмірі сізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны  анық. Сериалдың қоюшы-режиссері – Жандос Еспенбет, ал сценарий авторы – Кенжебек Шайқақов. Қоюшы – операторы Еркін Сәтенов. Продюсерлік еткен – Жадыра Сқабыл. Қоюшы суретшісі – Рүстем Мини Бай. Монтаж режиссері – Нұргелді Ергөбекұлы.  Телехикаядағы басты рөлдерді сомдағандар қатарында: Қаракөз Тілеубаева, Дәурен Жұмаділов, Қарлығаш Ахметова, Мадина Оспанова, Нұрсұлтан Жақсыген, Гүлжамал Қазақбаева, Жанель Серғазина, Шынар Жанысбекова, Айдана Асқар, Бақтияр Байсерік. Телехикая 2016 жылы көрермен назарына ұсынылған болатын.

«Орбұлақ шайқасы»

«Орбұлақ шайқасы» - қазақ-жоңғар соғыстарының бірі жайлы жаңа қазақ сериалы. Барлығы сегіз эпизодтан тұрады. Қазақстандық премьера 2019 жылдың желтоқсан айында өткен болатын, сериал толықтай қазақ тілінде көрсетілді. Орбұлақ шайқасы-қазақ-жоңғар соғысы барысындағы шайқас, бұл қанды соғыста Ялангтуш Бахадур бастаған 20 мыңдық өзбек әскері мен Жәңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгерлерінен құралған жасақ 1643 жылы 50 мыңдық жоңғар армиясын басып озды. Шыңғыс хан Жәңгір ханмен одақтасқан бұқараның жанидтік билеушісі — Жошының он үшінші ұлы-Темірдің ұрпағы Нәдір Мұхаммед ханның бұйрығы бойынша 20 мыңдық әскерімен Ялангтуш Бахадур Жәңгір ханға көмекке жіберілді. Соңғысы 600 қазақ жауынгерінің жасағымен Жоңғар Алатауының Орбұлақ өзенінің шатқалында қорғанысқа ие болды, онда ол Баһадүр әскерінің негізгі күштері келгенге дейін Эрдэни-Батур бастаған Жоңғар армиясының жүру жолында буктурада күтті. Жауынгерлердің жартысы жолда далалық бекіністер ұйымдастырды, ал қалған бөлігі жартастарға жайылып, жоңғарларға шабуыл жасады. Бұл шайқаста қазақтар алғаш рет жаппай атыс қаруын қолданды. Қазақ жасағын тоқтата алмайтын жоңғар әскері жазыққа шықты, онда жоңғарлар 20 мыңдық Самарқанд әскерімен соғысқа кірді. Жоңғарлар Жоңғарияға шегінуге мәжбүр болды. Жоңғарлардың қазақ хандығын басып алу жөніндегі жоспарлары сәтсіз аяқталды. Жобаны проюсерлік еткен танымал кинпродюсер Мұрат Бидосов. Ол бұған дейін «Тар заман» және «Кейкі мерген» киноленталарын түсірген болатын.

Телехикая «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы арқылы көрсетілген еді. Сценарий жазғандар: Мұрат Бидосов және Қолғанат Мұрат. Қоюшы – оператор – Айдын Мақсат, ал қоюшы – суретші – Берікбол Шашубаев. Картинаның дыбыс режиссері – Ақжол Бейсенұлы, ал композиторы – Ұшқын Жамалбек. Монтаж режиссерлері: Олжас Кеңесбаев және Айбек Қалиев. Режиссерлік еткен – Мұрат Бидосов. Басты рөлдерде: Балтабай Сейтмамытұлы, Айдар Наурызбаев, Дулыға Ақмолда, Бауыржан Қаптағай, Талғат Қарынбаев, Қадырғазы Қуандықов, Қуаныш Құдайберген, Жанель Серғазина, Дархан Сүлейменов, Жасұлан Заманбеков, Жеңіс Қыңырбеков, Аслан Сапарғалиев, Хәлел Баяділов, Ербол Төлепберген, Мұрат Жарылқасынов, Нұрлан Сағынаев, Аққу Байжігіт және басқалары.

«Туча»

Кинолента шынайы оқиғаға негізделіп түсірілген туынды. «Туча» фильмінің басты кейіпкері өз болашығы мен балалық бақытты шағынан айырған жандардан өш пен кек алуды мақсат тұтады. Ол өз ата-анасын, туыстары мен бауырларын, өзіне жақын жандардан айырған, солардың өмірін қиған адамның көөзін құртып, кек алуға ант етеді. Өзін сол бәр сәтке дайындайды. Ол ер жетіп, осы бір қанды оқиғаның кей деректеріне қол жеткізеді. Осылайша, барлық жұмысын қойып, бұрынғы берген антын орындауға бар күшін салады. Фильм криминал, экшн жанрыныда түсірілген ерекше отандық туынды. Картинаға режиссерлік еткен - Нияз Әбдіғапар. Қоюшы-Оператор -  Ілияс Бекішев. Сценарий авторлары: Дәулет Іслямов және Асқар Малшыбеков. Фильмдегі бой көрсеткен актер мен актрисалар: Ерден Телемисов, Әділ Есенбулатов, Жанель Серғазина, Арман Шекімов, Мұрат Бисенбин және тағы да басқалары. Отаныдық кино туындының республикалық кинопермьерасы өткен жылдың жиырма үшінші қарашасында өткен болатын.

«Батыр»

«Батыр» картинасында ұлы қатерлі дертке шалдыққан Динаның өмірі туралы баяндалады. Баланы тірі аман алып қалу мүмкіндігі күн сайын азаюда.  Баласының өмірін аман сақтап қалу үшін Динаға қысқа мерзімде өте үлкен көлемдегі ақшаны табу қажет. Онсыз балаға ешқандай ота жасалмайды.  Динаға көмектесуге келіскен оның басшысы әйелге ек бір ғана талап қояды. Ол өзімен төсектес болуды ұсынады. Дина ар-ожданмен, өз-өзімен ұзақ күресіп, тек баласының өмірі үшін бұл ұсынысты қабыл алады.Динаға ұлының беті бері қарағаны туралы хабар жеткенімен енді өзіне деген құрметінің жоғалып, өзін енді «әйел» ретінде қабылдай алмайтыны үлкен соққы болып тиеді. Ол өзін мәңгіге жоғалтады. Фильмдегі басты рөлдерді Дулыға Ақмолда, Жанель Серғазина, Шыңғыс Қапин, Қуандық Қыстықбаев, Рауан Романи, және Айбар Таңғыт сомдаған. Сценарий авторлары: Елена Штерн, Елена Лисасина және Лаура Сапа болды. Жобаның продюсері -  Лаура Сапа. «Батыр» кинокартинасы беделді халықаралық кинофестивальдердің негізгі бағдарламаларына қатысуға шақырту алып, үздік жүлделер мен марапаттарға иеленген болатын. Ұлыбританияда ұйымдастырылған London X4 - Seasonal Short Film Festival фестивалінде кинолента «Үздік қысқаметражды фильм» және «Үздік әйел рөлі» үшін жүлделерге ие болған еді. Бұл қазақ кино өнері үшін өте беделді жүлде болғаны рас.

«Сержан братан»

«Сержан Братан» сериалының сюжеттік желісі бойынша, оқиға 90-шы жылдары басталады. Криминал мен экшнға толы бұл уақытта енді енді ғана барлығы заңдастырылып жатқан еді.  Жергілікті бандиттер арасында абыройлысы болған Сержанмен бір күні оқыс жағдай орын алады. Ол комаға түседі және 23 жыл бойы осы күйде болады. Ал ол кенеттен өзіне келгенде, әлем өзгереді. Елде 2020 жыл, ауруханадағы төсек басында қазірдің өзінде үлкен тәтеге айналып кеткен әйелін және оның қасында екі ересек баласын көреді.Әкесін жек көретін полиция офицері әрі қызы (Жанель Серғазина) және көңілді жүретін ұлы, бастаушы блогер (Ербол Алмухан). Енді Сержан өмірде өз орнын тауып, барлық жаңалықтарды қабылдауы керек, олардың ішіндегі әртүрлі  революциялар, әлеуметтік желілердегі және хакерлерімен интернетті жауалап алу, олар қорлау мен улы пікірлер жазады және өз сөздері үшін жауап бергісі келмейді. Salem Social Media үшін белгілі сценарист, ал жақында режиссер атанған Әлішер Утев түсірген киносериал қазақстандық сценарист Сергей Литвченкомен бірлескен жобасы болды. Олар аудиторияға ұнайтын нақты көрсететін кәсіпқойлар жұмыс істегендіктен, жоба қазір айтқандайерекше танымалдылыққа кенелді. «Сержан Братан»  басқа да веб-вериалдарға ұқсамайды, ол ерекше, қызықты, күлкілі әрі тапқыр жобалардың бірі бола білді. Бірақ мұндай нәтиже таңқаларлық емес, өйткені тамаша сценарий, көптеген табиғи эмоциялар, көңілді әрі замануи қазақ музыкасы, өзгеше лексика, жарқын кейіпкерлер мен тамаша актерлік жұмыстарбар. Актерлік шеберлік дегенде,  әсіресе Дулыға Ақмолданың Сержанды сомдап шыққан образын бәрі тамаша қабылдады. Қазақ театрында еңбек етіп қана қоймай,  Сәбит Құрманбековтың "Оралман", Фархат Шәріповтың "Тренинг личностного роста" сияқты танымал арт-хаустық киноленталарда түсіп жүрген зиялы әрі талантты актер бұл жобада өзін жаңа қырынан ашты. Сериалдың сәтті шыққаны соншалық, енді көрермен телехикаяның екінші маусымын ерекше күтуде.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы