Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 ақпан, 2021274

Жанна Исабаеваның фильмдеріндегі шындық қандай?

Қазақстандық киноиндустрия сан қырлы киноленталарға толы. Егер сіз қалыпты комедиялар мен махаббат хикаясы туралы кинофильмдерден шаршаңыз, арт-хаус бағытында түсірілген, мюзикл және трагикомедия секілді ерекше фильмдерді тамашаласаңыз болады. Сценарий, стиль және толықтай бар болмысымен өзгелерге ұқсамайтын, жанр мен әдісі фильмдерді жарыққа шығаратын режиссерлар қатарында Жанна Исабаева да бар. Бүгін біз талантты киногер түсірген өзгеше киноленталарды назарыңызға ұсынбақпыз. Қазақ кинематографиясының жаңа қырын бірге ашып көрейік.

Өзгеше фильмдерді түсіретін отандық кинорежиссер Жанна Исабаева өнер ордасына айналған Алматы қаласының тумасы.  1968 жылы қаңтардың бірінші жұлдызында дүниеге келген киногер журналистика мамандығын бітірген. Бірақ соңғы он жылда режиссурамен айналысқан Жаннаның қазіргі таңда өз стилі мен қолтаңбасы қалыптасқан. Ол өз киноларында шынайылықты көрсетіп, көрерменге бейнені бұрмалаусыз жеткізуге тырысатын санаулы режиссерлердің бірі екені рас.

brod.kz

Жанна Исабаеваның кинокартиналарының бюджеті шағын болғанына қарамастан, сапасы мен мән-мағынасы арзан дүние емес. Исабаеваның көп фильмдерінде қазақ жұртының қалыпты жағдайы мен күнкөрісі, стандартты ойлау жүйесі мен ескірген тыйымдар туралы көп айтылады. Картинада қарапайым жұрт мойындағысы келмейтін, әлемге көрсетуге ұялатын, тіпті өздері қабылдай алмайтын шынайылық пен образ жатыр. Бұқпасыз және бұямасыз берілетін киноленталарға көбіне француздық және ресейлік инвесторлар көптеп қолдау көрсетіп жататын көрінеді. Жанна Исабаева түсіретін жобалар 20 000 – 50 000 АҚШ долларының көлемінде жүзеге асады. Бұл басқа да түсіріліп жатқан комедия мен мемлекет тарапынан қолдау алатын кинофильмдерге қарағанда өте аз. Дегенмен де режиссерді шетелдік фестивальдер мен кино байқауларына қонақ және қатысушы ретінде жиі шақырып тұрады. Елде де режиссер түсірген картиналар біраз резонанс тудырып, өз бағасын алып келеді. Жанна Исабаеваның фильмдеріндегі еркіндік пен ашықтықты кей жандар «дәстүрге сай емес» деп даттап жатқанымен де, өз шындығын көре алмаған қоғамға ренжіп, киногерге қолдау білдіретін көрермен қарасы да баршылық. Исабаева отандық кино салада ешкімге еліктеген емес, оны көпке ұқсай бермейтін киноленталарына қарап-ақ байқауға болады.

«Ойпырмай или Дорогие мои дети»

«Ойпырмай или Дорогие мои дети» кинофильмінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақстандық жанұялар мен қарапайым  халықтың әл-ауқаты мен күнделікті жағдайлары көрсетіледі.  Фильмде отбасылық дәстүр, туыс пен бауырдың ара-қатынастары, күнкөріс пен жұрт алдындағы абырой сынды тақырыптар қозғалады. Фильм жас отбасының отағасының туған күн кешіне дайындалуымен басталады. Жас ерлі- зайыптылар кішкентай балаларымен арпалысып жүріп жалдамалы пәтерді тазалап, дастархан жаяды. Себебі, кешке қадірменді қонақтар – отағасының басшысы шақырылған. Жаңа қызметке тағайындалу үшін басшының көңілінен қалай да шығу маңызды.

caa-network.org

Ортаға ет тартылып, бірінен соң бірі тостар айтылады. Келген қонақтар  мәз болып, арқа-жарқа болып отырған сәтте күтпеген қонақтар келіп қалады. Бұл туған күн иесі Қанаттың ауылдан келген қарт анасы мен үйдің кенжесі ерке Елдос болды. Үй иелерінің отбасының әл-ауқатын көрсету әрекеті босқа кетеді, себебі үстел басында Қайраттың анасы ескі салт-дәстүрді ұстанып, қонақтардан да соны талап етеді. Ал кенже Елдос өзінің ерсі әрі дөрекі қылықтарын жасырмайды. Нәтижесінде, Қайрат шақырған қонақтар ерте кетіп тарқасады. Ал анасы Қайратқа өзінің ауылдан келген себебін айтып, тағы бір жаңалығымен бөліседі. Кенже ұлы Елдосты үйлендіріп, той жасау үшін Қайратқа көмектесуін сұрайды. Әр бауырдың тойға қосар үлесі болатындығын айтып, жағдайға қарамастан несие не қарыз алуын сұрайды. Фильм әр бөлімге бөлініп,  картинадағы кейіпкерлердің аты берілген кинокартинада ескі Қазақстан мен жаңа Қазақстан арасындағы қарама-қайшылық және түсініспеушілік жағдайлары көрсетілген. Фильмде өткір әлеуметтік астары бар түйін мен мән жатқандығы көңіл қуантады. Соңғы эпизодқа «Той» деген атау берілген. Нәтижесінде, Елдос үйленіп, бауырлары қалай болса да ақша тауып, дүркіретіп той жасалады. Осылайша, ескі құндылықтар үстем болып, анасы абыроймен той өткізгендігін мақтаныш тұтады.

Кинолента 2009 жылы көрермен назарына ұсынылған болатын. Жанна Исабаева фильмнің режиссері әрі сценаристі. Операторы Владислав Зажерило, лентаны әсем әуенмен әрлеген композитор Павел Ли, суретші- Бөпеш Жандаев. Жобаға продюсерлік еткен: Асқар Сембин, Айжан Сембина және Бөпеш Жандаев. Басты рөлдерді сомдағандар қатарында: Әлихан Идришева, Айқын Қалықов, Ержан Жарылқасынұлы, Рая Адығанова, Динара Абикеева және Ерболат Төлегенов. Жоба «АРРИ» деп аталатын германиялық компанияның қатысуымен Cosmos Art студиясының арқасында жүзеге асқан. «Ойпырмай или Дорогие мои дети» кинофильмі «Киношок-2010» фестиваліндегі кинопресс жүлдесін иемденген болатын.

«Света»

Жанна Исабаеваның тағы бір ерекше картинасына тоқталсақ. Фильм «Света» деп аталады.  2017 жылы үлкен экрандардан көрсетілген.  Таңғажайып өзіндік ерекшелігі бар кинолента, жеке бақыт үшін барлық қиындықтардан өтуге мәжбүр болған мүгедек қыз жайында айтады. Кинофильмде саңырау әрі мылқау жанның өмірі, оның қалыпты өмірде туындайтын проблемалары, басқа жандар секілді толыққанды өмір сүре алмауы және оған ешқандай жағдай жасалмағандығы туралы суреттеледі.

kino-teatr.ru

 Мұндай тақырыпта түсірілген кинофильмдер қалыпты жағдайда мелодрамалық нотада жалғастырылады. Алайда мұндай әдістер бұл фильмде мүлде байқалмаған. Басты кейіпкерді өзгенің көзінше аянышты әрі әлсіз адам ретінде көрсетпеген. Керісінше, Света есімді басты кейіпкер мүгедек болса да, өз құқығы мен міндетін, мақсатын біледі. Ол басқаларды, әріптестері мен көршілерін өзіне бәсекелес ретінде көреді. Ол қатыгез, қоғамға қарсы келетін бұзушы ретінде әрекет ете отырып, көп дүниенің құрбаны болудан бас тартқан адам. Осы арқылы фильм авторлары басты кейіпкердің бұл бейнесімен бейқам көрерменді таң қалдырады. Света зауытта жұмыс істейді. Жалақысы өте аз. Отбасын: күйеуі мен екі баласын асырауы керек. Одан бөлек, өтелмеген қарыздары үшін банк Светаның отбасы тұрып жатқан баспанасын тартып алып жатыр. Осының бәрін көрген Света өмірде аңқау әрі мейірімді болмауды шешеді. «Света» кинолентасының басты кейіпкері мейірімділіктен алшақ болып көрінгенмен, фильмнің соңында тастанды қызға аяушылық білдіреді. Ол қыздың бойынан бұрынғы өзінің кейпін көреді. Осылайша, Исабаева ұсынған кинофильмдерде режиссер жасырын эмоцияларды көрермендерге ашуға мүмкіндік береді.

Драма жанрында түсірілген кинолента операторлық еткен Михаил Блинцов. Суретшілер: Джалалатдин Ибрагимов және Инга Задарновскаая. Премьерасы 2017 жылы қазан айының жиырма тоғызыншы жұлдызында өтті. Басты рөлдерде: Роман Лысцов, Жанара Бектурғанова, Марат Абишев, Алим Меңдібаев, Полина Лунгу, Наталья Колесникова, Алена Угрюмова және тағы да басқа талантты актер мен актрисалар бой көрсеткен болатын.

 «Отвергнутые»

Жанна Исабаева бос картинаны әсемдеп, әрлеп көрсетуге тырыспайды. Оның картиналарындағы оқиғалар көп адамзат пен қоғам қабылдағысы келмейтін, өздерінің ішіндегі нәрсені өздері шығаруға ұялатын, басқаның ойы мен пікірін жоғары қоятындарға арналғандай. Режиссер осынысымен де ерекшеленетіні хақ. Кинолентадағы басты кейіпкер 25 жасар айғаным есімді келіншек. Ол ауылда көпбалалы отбасында туып өскен. Туған ауылына көп уақыт өткен соң қайта оралады. 7 жыл бұрын оқуға Алматы қаласына кетеді. Өзіне үйленуге уәде берген жігітке ғашық болып қалады. Бірақ аяғы ауыр болып қалғанын естігеннен кейін жігіт үн-түнсіз жоғалып кетеді. Ал Айғанымның отбасы некесіз жүкті болған қызынан бас тартады. Араға бірнеше жыл салып Айғанымның үйінде әкесі қайтыс болады. Сөйтіп, үйдің тізгіні үлкен ұлы Қайратқа бұйырады.  Айғаным көп уақыт бойы жалғыздықтан шаршап, ұлына да туған-туыс, бауырлар керектігін ұғынып өз ауылына, өз отбасына қайта оралмақ болады. Алайда, Айғанымнан толықтай бас тартқан отбасы келген қызына «ұят» деп қабылдамайды. Жүрегінде үміт үкілеген Айғаным айтқанын қайтпақ емес. Қандай қиындық көрсе де, өз жанұясының қайта мүшесі болуға барын салады.

kino.kz

Отандық драманың сценарий авторлары: Жанна Исаебаева, Виктор Немченко. Продюсерлері: Сәкен Усер, Алишер Еликбаев және Артур Исабаев. Кинофильмге Жанна Исабаева режиссерлік етті. Операторы Михаил Блинцов. Суретшілері: Нұрболат Жапақов және Елена Яковлева. Кинофильмнің монтажын жасаған Виктор Бродягин. Басты рөлдерді сомдағандар қатарында: Нышанбек Жұбанов, Есім Тұрарбек, Индира Құлмағамбетова, Райхан Қалиолдина және Жанаргүл Жаныаманова.

Режиссер Жанна Исабаева авторлық және арт-хаус филмьдерін YouTube видеохостингіндегі өзінің жеке парақшасында жариялап отырады. Бұл фильмдерді тамашалап қана қоймай, оны талқылап, өз ойын ашық жеткізе алатын көрермендердің көбейіп келе жатқаны режиссерді ерекше қуантатын көрінеді.

Жанна Исабаева - режиссер, сценарист:

«Менде YouTube-ке дейін көрермендермен қандай да бір байланыс не интерактив болып көрмепті. Кейде басымда «мен мұның бәрін не үшін жасап жатырмын?» деген сауалдар туындайды. Бірақ егер мен осылай өз фильмдерімен көрермендермен бөліспегенімде осыншама қолдау мен жағымды пікір алмас едім.

Мен төменде пікір қалдырған жандарға жауап беермеймін. Өйткені олар жапуапты талап етпейтін дүние жазады. Ол көрерменнің пікірі, олар бір-бірімен ой алмасады. Ал ондай әңгімеге автордың араласуы жөн деп санамаймын»,-дейді реежиссер Жанна Исабаева.

Өз шығармашылығына ерекше көңіл бөлетін, өз қабілетін барынша салып, тымбай еңбек ететін осындай ерекше фильмдер мен еңбектердің авторы Жанна Исабаева секілді режиссерлер мен киногерлердің бар болғаны елдегі киноиндустрияның дамып, әлі талай өсетіндігін көрсетеді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы