Размер шрифта:

Цветовая схема:

15 ақпан, 2021419

Жақында Мұқағали Мақатаев туралы фильм жарыққа шығады

Қазақтың ұлы тұлғасы Мұқағали Мақатаев поэзия өнерінде өшпес қолтаңба қалдырғаны рас. Ақиық ақының өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа кинокартина жақын арада көрермен назарына ұсынылмақ. Мақатаев жүріп өткен жол мен оның өткерген қиын шақтары дәл осы картинада баяндалатын болады.

Мұқағали Мақатаев өмір сүрген таңғажайып өмірі, ауыр сынақтақтарға толы тағдыры толықметражды кинофильмнің түсірілуіне себепкер болған көрінеді. Аталған драманы «Қазақфильм» отандық киностудиясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша түсірген болатын. Фильмнің режиссері отандық киногер Болат Қалымбетов.

Қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаев биыл 90 жасқа толар еді. Кинокартина ақынның өміріндегі соңғы жылдарын бейнелейді. Фильм режиссерінің айтуы бойынша, Мақатаев картинада зиялы жасқа келгендегі шағы көрсетіліп, Қазақ КСР Жазушылар одағының отырысында ақынның алдағы тағдыры шешілетін кезеңді айқын жеткізеді.

Бар жоғы 45 жыл өмір сүрген ақынның бұл өмірде жеткен жетістігі мен атқарған еңбегі зор. Мұқағали Мақатаевтың ойы мен идеяларын көбі түсіне бермегендіктен де, оның өмірінде біршама қайғылы оқиғалар жиі орын алып тұрған. Ол өз өмірін тек шығармашылық пен өнерге арнады. Мұқағали үшін мейірімділік пен жанашырлық басты орында болды.

Кинокартинаның режиссері Болат Қалымбетовтың айтуынша, еліміздің ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев туралы толық метрлі фильм түсіру идеясы 15 жыл бұрын туған көрінеді. Көркем фильмнің түсірілімдері 2019 жылдың жаз мезгілінде басталған болатын. 2020 жылы қыркүйек айында аяқталған кинолента еліміздің үш өңірінде түсірілген. Олардың қатарында Алматы қаласы мен Алматы облысы және Өскемен қалалары бар. Сондай-ақ, Ресей жерінде де түсірілімдері жалғасқан кинолентаның кей кадрлары Санкт- Петербург қаласында түсірілген болатын.

«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Мұқағали» кинофильмінің премьерасы пандемияға байланысты кейінге қалдырылған болатын. Алайда, киностудияның мәлімдемесі бойынша, осы жылдың күзінде көркем фильм міндетті түрде үлкен экрандардан көрсетіліп, көрермен назарына жол тартатын болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Болат Қалымбетов XIV Халықаралық кинофестивальде Шәкен Аймановтың «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды. Режиссер  байқауда өзінің «Талант» атты кинофильмін ұсынған еді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы