Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 мамыр, 2020416

Жайдарбек Күнгужинов және Nomad Stunts каскадерлер академиясының әлемдік "Таурус" сыйлығына ұсынылды!

Томирис фильміндегі трюктердің қойылымы үшін Жайдарбек Күнгужинов және Nomad Stunts тобы әлемдік каскадерлер академиясының Таурус номинациясына ұсынылып отыр.

Бұл Америка Құрама Штатында жыл сайын әлемдегі ең үздік каскадерлер, қоюшы және экшен-мамандар арасында ұйымдастырылатын өте беделді премиялардың бірі. "Таурус" маңыздылығы бойынша каскадерлік "Оскар” марапатымен теңдей дәреже деп саналады. Nomad Stunts негізін қалаған Жайдарбек Күнгужинов "Шетел фильміндегі трюктердің ең үздік қойылымы" номинациясының шорт-парағына еніп отыр. Бұл өз кезегінде халықаралық үздік деп танылған фильмдердегі ең мықты трюктер мен қойылымдар қоюшы және оны орындаушы каскадерлердің еңбектері ақталып, аталған премияда марапатқа ие болуы үлкен жетістік екені мәлім. 

 

Биылғы жылы "Таурус" сыйлығына үміткерлер қатарында "Капитан Марвел", "Джон Уик 3", "Форсаж: Хоббс және Шоу" және "Терминатор: қараңғы тағдыр" сынды танымал фильмдердегі трюк қоюшы каскадерлер бақ сынағалы отыр. Бұл қазақстандық картина мен отандық каскадерлер үшін аса үлкен құрмет және мәртебе болары анық. 

 

"Томирис" фильмінен басқа "Шетел фильміндегі трюктердің ең үздік қойылымы" номинациясы бойынша көрші Ресей мемлекетінің кинофильмі "Спасти Ленинградд" (Ресей), трюк қоюшысы Сергей Головкин; Украиналық "Захар Беркут" (Украина) туындысы, трюк орындаушысы Павел Авилов; сонымен қатар Италиядан келген әріптестеріміз – "Первый Король Рима" және Египеттік картина – "Касабланка" атты жобасы ұсынылатын болмақ.

 

Шетелдік аренада көрініп жүрген Жайдарбек Күнгужинов және Nomad Stunts каскадерлеріне алда тек жеңіс тілей отырып, олар отанымыздың мақтаншы екенін айта аламыз. Болашақ додада тек қана сәттілік тілейміз!

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  http://rutor.info

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы