Размер шрифта:

Цветовая схема:

08 маусым, 2020679

Желіде «ТойХана» комедиясының постері жарияланды

Қазақстанда барлық тойларға шектеу қойылды. Құдалықтар да, үйлену тойлары да, мерейтойлар да болмайды. Енді қазақстандық жұлдыздар қайтпек? Иә, бұл бүгінгі күнгі жағдай ғана емес, продюсер Құралай Анарбекованың түсірген жаңа туындысының қысқаша фабуласы. Таяуда киногер «ТойХана» фильмінің постерін таныстырды.

«ТойХана» комедиясы Қазақстандағы қазіргі жағдайдың баламасы іспеттес. Фильмде тойлармен күрес жөніндегі бөлім құрылып, іске қосылды. Заңды бұзған әртістерді қолға түсіріп, жазаға тартуда. Қайрат Нұртас ұстазға айналса, Ерке Есмаханның жағдайы тіптен мәз емес – ол «тойларға тәуелділігі барларға» арналған емханаға түсіп қалады. Дей тұрғанмен, кейбіреулер әлі де болса, мерекелер мен тойларды заңсыз жүргізуін тоқтатар емес. Жаңа комедияның кейіпкерлері жасырын түрде тойларды ұйымдастырып жүрген адамды табуы тиіс. Оларды қызықты да, көңілді шытырман оқиғалар күтеді» - делінген фильм постерінде.

«Брат или брак», «Брат или брак 2» және «Ва-банк» фильмдерін шығарушылар жаңа комедия елдің барлық кинотеатрларына бірінші шілдеде жол тартады деп жариялады.

Постерін таныстырған продюсер Құралай Анарбекова ерекше образдарды көріп, өздеріне өздері қалжындауға ұялмай, фильмге түскен барлық жұлдыздарға алғысын білдіріп жазды.

«Шынтуайтында, тойлар мен концерттерге шектеу қойылғанын есепке алғанда, фильм «актуалды деректі фильмге» айналуда», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «ТойХана» туындысында елге танымал әртістер – Бүркіт пен Аиша, Абай Бегей, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Бейбіт Құшқалиев, сонымен қатар актерлер – Ерлан Прымбетов, Меруерт Добрынина, Алмат Сақатов және Құралай Анарбекованың өзі де рөл сомдайды. Ал, фильм сценарисі әрі режиссері - Әлішер Утев.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы