Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 наурыз, 2021319

Желіде жаңа комедия жарық көрмек

Талантты актер Рүстем Жаныаманов жігіттер хикаясында жаңа рөлімен жұртшылықтың жүрегін жауламақ. Оған бұл істе отандық қана емес, шетелдік кинофестивальдерде талайды тамсандырған дарын Дулыға Ақмолда атсалысады. Картина не жайында болмақ? 

Алматылық беделді рэкетир /Рүстем Жаныаманов/ 23 жыл терең комада жатып, кенеттен есін жияды / Дулыға Ақмолда /. Осы кезде 2021 жыл екенін шошына сезінеді: балалары есейген, өзі болса, сәл қартайыңқыраған, ал әлем болса танымастай өзгерген. Енді оған заманауи шындыққа бейімделіп, отбасымен қарым-қатынасын орнатуынан басқа амалы жоқ.   

Жаңа туындыдағы бас рөлдерді – жас Сержанды Рүстем Жаныаманов және оның комадан кейінгі рөлін Дулыға Ақмолда сомдайды. Олардан бөлек, фильмде Шерхан Пірназаров, Бейнұр Баймұханбетов, Ербол Әлмұхан, Мадияр Ұлдахан, Тимур Исамолда, Жанель Серғазина, Гүлмира Жакилина, Ерболат Әлқожа, Айжан Жұмабекова, Дамир Қариев, Ардақ Шыныбеков және басқалары өнер көрсетеді. 

Фото: @timur.isamolda

Жаңа жігіттер хикаясының сценарийін Әлішер Утев пен Сергей Литовченколар жазды. Режиссері әрі продюсері – Әлішер Утевтің өзі. Картинаға операторлық қызмет еткен Бағдат Арғынов болды. Айтпақшы, «Сержан Братан» - бұл жаңа туындының атауы. Криминалды комедия сериал түрінде жарық көреді. Оның ресми трейлері желіге жарияланып қойған, ал 4-наурыз күні премьерасы болады деп хабарланып отыр. 

Айта кетейік, криминалды-комедиялық сериал рейтингі – 18+. «Бұл бейнені кәмелет жасқа толмағандарға көру ұсынылмайды. Бейнеде балағат сөздер, зорлық-зомбылық және зиянды заттарды қолдану көрініс тапқан. Біз мұндай өмір салтын насихаттамаймыз», - деп ескертеді авторлар фильм басындағы жазбада.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы