Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 наурыз, 2021268

Желіге қыздар жайында тағы екі фильм шықты

Әлемдік желіде мереке қарсаңында қыздар достығы жайында екі картина жарық көрді. Оның бірі продюсер Самсон Безмятежныйдың қысқаметражды – «Красное зеркало» фильмі болса, екіншісі - режиссер әрі сценарийші Асқар Бисембиннің «ДаКанцаБар» веб-сериалы.

Самсон Безмятежныйдың продюсерлігімен түсірілген «Красное зеркало/Red Mirror қысқаметражды фильмі еш маңызы жоқ бір заттың үш жақын құрбы-қыздың арасында алауыздық туғызып, достықтарының шырқын бұзуға себеп бола алатынынан сыр шертеді. Картинаның ұзақтығы небары он жеті жарым минут. Желі қолданушыларының бірі фильм идеясын мақтаса, енді бірлерінің актерлік құрамға көңілдері аса толмай отыр. Дей тұрғамен, картина желіге салынған алты күннің ішінде 23 мыңға жуық қаралым жинады.   

Айта кетейік, «Красное зеркало» картинасының режиссері Аси Омар болды. Сценарийін жазғандар - Дархан Қорғамбек пен Олжас Сәрсенбаев. Фильмді таспалаған оператор – Әмір Зарубеков, ал бас рөлдерді сомдаған Камила Әшіралиева, Фариза Тойлыбаева мен Белла Девистер.

Желіде көрермендерге жол тартқан Асқар Бисембиннің «ДоКанцаБар» веб-сериалы да қыздар өмірін суреттейді. Комедиялық картина махаббатта жолы болмайтын әрі қаражат жағынан үнемі қысылып жүретін Маха, күйеуінен қашып кеткен ауыл қызы Салтик пен әдеттегі инста-ару Анель есімді үш қыздың хикаясын баяндайды. Үшеуі «ДаКанцаБар» деп аталатын барға жұмысқа орналасады. Ойын-сауық орнының иесі - есерсоқ Жан. Ол болса, әкесіне кәсіппен айналыса алатынын дәлелдегісі келеді. Кинолентада бас кейіпкерлер күнделікті қиындықтарға тап болып, бір-бірімен тіл табысуға тырысып-ақ жүр.

Картинада Маханың рөлін Разия Кузиева, Салтаны – Хиуа Қарынбаева, Анельді – Дана Тілеуке, Жанды – Есентай Ниязбеков, Даникті –Айбек Айдынұлы және жұмыс берушіні – Мұхамедбек Оқаевтер сомдайды. Веб-хикаяның продюсері – Ришат Әділбеков, режиссері – Асқар Бисембин.  сценарийін Мейрмани Нұрлыбек пен Асқар Бисембин жазды. Картина операторы – Бақытжан Закиев.   

Айта кету керек, веб-сериалдың қазіргі таңда желіде екі бөлімі жарық көрді. Алғашқысының қаралымы қазіргі сәтте 200 мыңнан сәл асып кетті.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы