Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 мамыр, 2021288

«Zомбеты 2» веб-хикаясының екінші маусымы 9 маусымда басталады

9 маусымда «Zомбеты 2» веб-хикаясының екінші маусымының премьерасы болады. «Zомбеты 2» фильмінің ресми трейлері қазірдің өзінде жобаның youtube арнасында қол жетімді.

Кинотуынды авторларының айтуынша, екінші маусымда бәрі әлдеқайда байсалды әрі қызықты  болады.

Екінші маусымның сипаттамасында:

«Бірінші маусымдағы оқиғалардан кейін бір жыл өтті. Біз өзгерген, есейген  басты кейіпкерлерді көреміз. Басты кейіпкерлердің өздері жаңа әлемде адамдар зомбиге қарағанда әлдеқайда айлакер әрі қорқынышты екенін түсінуі керек. Ешкімге сенуге болмайды», – деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, «Zомбеты» веб-хикаясы – былтыр 7 қарашада жарыққа шыққан Salem Social Media-ның жобасы. Бұл ТМД-да зомби мен зомби апокалипсисі туралы алғашқы қалжыңға толы веб-хикая. Жобаның алғашқы маусымының эпизодтары орта есеппен  483 000 қаралым жинаған.

Сюжет бойынша, 2021 жылы ғалымдар жақын болашақта бүкіл адамзат баласын құртатын жаңа вирус табады. Бірақ әлемде әлі де тірі қалғандар бар... Бұл оқиға дәл сол жанкештілер туралы! Ақырзаманнан кейінгі кезеңде өмір сүретін батыл жігіттер туралы. Олар тірі қалады, көңіл көтереді, өмірдің рахаты көреді және қайтадан тірі қалады ...

Басты кейіпкерлер – Тим, Тиля, Рус және Мара. Олар – бір мақсат – өмір сүру, күресу және қыздармен қыдыру жолында біріккен 4 түрлі жігіт.

Жобаның директоры – Данияр Болотбеков. Продюсерлер – Асхат Табалдиев және Бахтияр Матяну. Басты рөлдерде Назар Бердіғұлов, Сәмет Оспаналиев, Арген Асанов және Арсен Исмаилов.

Екінші маусым әрқайсысы 15-20 минутқа созылатын 10 эпизодтан тұрады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы